Тізімде Австралия теннисшісі Эшли Барти көш бастап тұрса, одан кейін Беларусь спортшысы Арина Соболенко мен Испания өкілі Гарбинье Мугуруса орналасқан.
Юлия Путинцева бұрынғыдай 42-ші орында, ал тізімде үш саты төмен түсіп, 103-ші орынға тұрақтаған Зарина Дияс үздіктер «жүздігінен» шығып кетті.
Жұптық разрядта үздіктер «үштігін» бұрынғыдай чехиялық Катерина Синякова мен Барбора Крейчикова және тайвандық спортшы Се Су-Вей басқарып отыр. Рыбакина өз жағдайын өзгерткен жоқ (49-шы), Алла Данилина сегіз саты жоғары көтеріліп, 75-ші болды, ал Дияс екі саты төмен түсіп, 180-ші орынға тұрақтаған.