Оқиға • 29 Қараша, 2021

Қызылордада жеңіл көлік дарияға түсіп кетті

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда қаласында жеңіл көлік дарияға түсіп кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға облыс орталығындағы «Рисмаш» аумағында түнгі сағат 03:54 шамасында болған. Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне дарияға «Daewoo Nexia» автокөлік түсіп кеткені туралы айтылған.

«Көліктің ішінде екі адам болған. Оның біреуі - 1994 жылғы азамат өз күшімен жағаға шыққан. Сол жастағы тағы бір азамат көліктің ішінде қалып қойған. Оқиға орнына жедел-құтқару жасағынан 1 техникамен 5 адам барды», деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова. Ведомство мәліметінше, құтқарушылар 04.20-да су асты іздестіру жұмыстарын бастады. Әзірге нәтиже жоқ.