Әлем • 29 Қараша, 2021

Камбоджа ханзадасы қайтыс болды

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Камбоджаның бұрынғы Премьер-Министрі ханзада Нородом Ранарит жексенбі күні 78 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Камбоджа ханзадасы қайтыс болды

Ранарит Францияда қайтыс болған. 

Ханзада Камбоджаның марқұм королі Нородом Сиануктың ұлы және қазіргі король Нородом Сихамонидің туған ағасы болды. 

Ол 1993-1997 жылдары ел үкіметін басқарды. Сонымен қатар 1998-2006 жылдары парламенттің төменгі палатасын басқарған.