Жекпе-жек • 29 Қараша, 2021

Дастин Порье: Айнаға қарағанда шындық алдыңнан шығады

391 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жеңіл салмақтағы UFC-дің бұрынғы уақытша чемпионы Дастин Порье 2019 жылы әлем үздігі Хабиб Нурмагомедовке есе жіберген кезінде қандай сезімді басынан өткергені туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дастин Порье: Айнаға қарағанда шындық алдыңнан шығады

«Ол кезде мен қатты қиналдым. Қонақүйдегі нөміріме келгенде өмірімдегі ең маңызды мүмкіндікті уысымнан шығарып алғанымды сезіндім. Алайда жалғыз қалғанда бәрін ой елегінен өткізеді екенсің. Айнаға қарағанда шындық алдыңнан шығады. Сол шындыққа тік қарау кейде қиынға соғады.

Маған өз-өзімді бетімнен ұрып, ес жинау ғана қалды. Сары уайымға салынбау керектігін түсіндім. Алайда өмірдің жеңіліс арқылы сабақ бергеніне разымын. Барлық кедергі – біз жүріп өтетін жолдың бір бөлігі. Біздің сүйікті ісіміздің бір ғажабы да сонда жатса керек», деді АҚШ спортшысы өз ойымен бөлісіп.