Әлем • 30 Қараша, 2021

Түркияның батысында 5 балдық жер сілкінісі болды

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияның батысындағы Измир провинциясы Урла ауданының жағалауында 5,1 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркияның батысында 5 балдық жер сілкінісі болды

Түркияның төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою жөніндегі басқармасының (AFAD) ақпаратына сәйкес, жер асты дүмпулері сағат 07:00-де тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Урла ауданынан 56,18 шақырым жерде, Эгей теңізінде орналасқан.

Дүмпу ошағы теңіздің бетінен 3,97 километр тереңдікте жатыр. 9 минут өткенен кейін, сағат 07:09-да Измир жағаларында теңіз бетінен 7,16 километр тереңдікте 4,3 балдық тағы бір жер сілкінісі тіркелген.