Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз. Ешкім зардап шеккен жоқ. Өсімдіктер мен фаунаға келтірілген шығын әлі есептелмеген.
Аудандағы өртті сөндіруге 500 адам мен 10-нан астам техника жұмылдырылған. Бірақ өрт бірнеше рет сөндірілсе де, қайта тұтануда.
Қазіргі уақытта өрт Түркіменстанмен шекарада орналасқан үйлерге жақындап қалған. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда.