Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Парламент Мәжілісінің депутаты, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, белгілі ғалым, қарымды қаламгер Сауытбек Абдрахмановтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Мәдениет, білім, ғылым ықпалдастығы және қазіргі медиакоммуникация» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оған Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, ҰҒА академигі Бауыржан Омарұлы, көрнекті ғалым, профессор Мырзатай Жолдасбеков және тағы басқа зиялы қауым өкілдері қатысты.

Мазмұнды жиынды жүргізген Еуразия ұлттық университетінің ректоры, академик Ерлан Сыдықов мерейтой иесінің қарапайым журналистен, ел билігі мен елшілдік қызметтердің жауапты сатыларына дейін, соның ішінде Мәдениет министрінің орынбасары, «Егемен Қазақстан» РГ» АҚ президенті, Ақпарат министрі, Парламент Мәжілісінің депутаты секілді қызметтерді бағындырған айтулы азаматтың мерейтойына арналған конференцияның маңызы бөлек екеніне тоқталып, алғашқы сөзді Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевқа берді.
Қырымбек Елеуұлы өз сөзінде танымал тұлғаның тәуелсіз Қазақстанды құруға және руханият саласын байытуға өлшеусіз үлес қосқандардың бірі екендігін баса айтты.
– Сауытбек Абдрахманов – жемісі мол жетпіс жасқа мемлекет және қоғам қайраткері, салиқалы саясаткер, қарымды қаламгер атанып, абыроймен жетіп отыр. Шығармашылығы лайықты бағаланып, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты болды, ел-жұрттың алдында беделді халық қалаулысына айналды. Аударманың қыр-сырын, Пушкин туындыларының табиғатын зерттеп, әдебиеттанушы-ғалым атанды. Сөзінің салмағы, ісінің өнегесі бар Сәукеңді құрметтеп, бүгінгідей халықаралық конференция өткізу – өте орынды.
Ол – ел ісіне ерте араласып, атқа қонған азамат. Жер жүзін шарлап, көпті көрді. Әлемнің 61 мемлекетін аралап, қызықты репортаждар мен очерктер жазды, − дей келіп, мерейтой иесінің мықты аудармашы ретінде бірқатар әлемдік туындыны ана тілімізде сөйлетіп, «Егемен Қазақстан» газетін басқарғанда Тәуелсіздік шежіресін жазып, «Шерханның шекпені», «Бердіқұловтың бешпенті» секілді «Сауытбектің сауытынан» шыққан журналистердің өзі бір қауым екендігін атап өтті.
Одан кейін мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті ғалым Мырзатай Жолдасбеков еліміз егемендік алған жылдарда бірге қызмет істеген ізетті інісінің қайраткерлік қыры мен азаматтық келбеті жайында парасатты ой қозғап, оның мақтауға да, мақтануға да тұратын үлкен азамат екендігін жеткізді.
Журналистика жампозының соңынан қалам ұстап ерген інілеріне деген ілтипаты мен құрметі де ерекше. Оны Қазақстан Президентінің кеңесшісі, академик Бауыржан Омарұлы мерейтой иесін әдемі әзіл, өрнекті сөзбен өрген баяндамасында жан-жақты жеткізді.
«Сауытбек Абдрахманов – анықтауышы алты ауыз сөзді құрайтын елеулі есім, қарымды қаламгер, қажырлы қайраткер, салиқалы саясаткер, маңғаз мемлекеттік қызметші, даңқты депутат, ширақ шенеунік, мәртебелі министр, айбарлы ақпаратшы, азулы аппаратшы, алымды аудармашы, әлеуетті әдебиеттанушы, парасатты пушкинтанушы. Осы әсерлі эпитеттердің бәрі оның өмір жолының әр тұсын өрнектейді, енді, міне, оған жетпістегі жігіт деген тамаша тіркес қосылды», деп жиналғандарды бір желпіндіріп алды.
Абзал азаматтың саналы ғұмырының басым бөлігі еліміздің бас басылымында өтіп, ел газетінің кең қанат жаюына үлкен үлес қосты. «Егемен Қазақстан» РГ» АҚ Басқарма төрағасы, академик Дархан Қыдырәлі Қазығұрттан шығып, қазақ даласын көзінің қарашығына сыйдырып, қаламының ұшына қондырған қаламгер туралы салмақты сөз өрбітті.
– Сауытбек аға өзі еңбек жолын бастаған «СҚ»-ның мұрагері – «Егемен Қазақстан» газетінің басшылығына келген соң, екінші тынысы ашылып, кеңінен көсілді. Шығармашыл интеллектуалдық әлеуеті, қайраткерлік қарымы бас басылымда жарқырай көрініп, тұтастай саланың жауапкершілігін арқалаған министрлік мансапқа, бүгінгі халық қалаулыларының қатарына, елдіктің сөзі айтылатын биік мінбе – депутаттық дәрежеге жетті. Осы жылдар бедерінде журналистік қабілетін қарымды қаламгерлік сападан, қажырлы ғалымдық деңгейге, ұлағатты ұстаздыққа ұштастырған тұлғаның мәдениеттанушы, зерттеуші, аудармашы, публицист ретінде бойына жинаған мол білімін қалам қуаты арқылы ұлт руханиятына сүбелі қазына ретінде қосты, – деді ол.
Сондай-ақ жиында Қазақстан Республикасы Ардагерлер кеңесінің төрағасы, мемлекет және қоғам қайраткері Бақтықожа Ізмұхамбетов, Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешев, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Асхат Оралов және көрші Ресей елінен «Художественная литература» баспасының директоры, қоғам қайраткері Георгий Пряхин онлайн байланысқа шығып, мерейтой иесіне жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар конференция барысында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ғылыми кеңесінің шешімімен Сауытбек Абдрахмановқа аталған оқу орнының «Құрметті профессоры» атағы беріліп, қаламгердің «Елдік ерлігі» атты 5 томдық публицистикалық шығармалары таныстырылды. Одан кейін халықаралық конференция секциялық мәжіліске жалғасты.
Елорда тұрғындары өткен жылы 17 млрд теңгеге тегін дәрі-дәрмек алды
Қаржы • Бүгін, 17:32
Риддердегі вокзалда 2 вагон аударылып қалды
Оқиға • Бүгін, 16:38
Петропавл-Алматы бағытындағы пойызда өрт шықты
Аймақтар • Бүгін, 15:45
Алматыда жаңа автобус бағыты пайда болады
Аймақтар • Бүгін, 15:25
Ақтөбеде 28 жастағы ер адам зейнеткерді тонап кетті
Аймақтар • Бүгін, 14:40
Түркістан облысында 300-ден астам трамадол дәрісін сатқан дәрігер ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 13:50
Үкіметте газ саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды
Үкімет • Бүгін, 13:25
Елімізде ұстаздар мерекесінің күні өзгеруі мүмкін
Қоғам • Бүгін, 12:40
Жеңіс Қасымбек Үркер елді мекенінің тұрғындарымен кездесті
Елорда • Бүгін, 11:55
Ақмола облысында 10 күнде 510 көлік заңдастырылды
Аймақтар • Бүгін, 11:34
4 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 10:50
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 10:38
Коронавирус жұқтырған 6 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Бүгін, 09:25
Субсидиялардың 10-ға жуық кіші түрі жойылады - АШМ
Қазақстан • Бүгін, 00:00
Елордада «Open Day» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
Елорда • Кеше
Қазақстан мен Өзбекстан сауда-саттық көлемін ұлғайтады
Үкімет • Кеше
ЕАЭО аумағына бірыңғай валюта енгізіле ме?
Қаржы • Кеше
Жетісу облысының сот ғимараттары миналанғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Қазақстан мен Словакия экономикалық байланысты кеңейтуге мүдделі
Экономика • Кеше
Елордада онкологиядан болатын өлім-жітім көрсеткіші азайды
Медицина • Кеше
Астанада «Вaitursynuly.kz» сайтының тұсаукесері өтті
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Махамбет Әбжан 9 жылға бас бостандығынан айырылды
Оқиға • Кеше
Таразда төрт жасар баланы тоқ соқты
Қоғам • Кеше
Дархан Қыдырәлі Түркі академиясының президентімен кездесті
Қазақстан • Кеше
Саясат Нұрбек «Digital Almaty 2023» форумына қатысты
Қазақстан • Кеше
Таразда халықаралық деңгейдегі Аквапарк іске қосылады
Аймақтар • Кеше
Президент қолөнершілер көрмесін аралады
Президент • Кеше
Бас редакторлар клубының басшылық құрамы сайланды
Қазақстан • Кеше
Биыл 149 инвестициялық жоба жүзеге асырылады
Қазақстан • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Сарыкемер ауылындағы жаңа емханаға барды
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы Қостөбе ауылы тұрғынының үйіне барды
Президент • Кеше
BALQASH ALABUǴASY монеталары айналымға енді
Қаржы • Кеше
Президент ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші шаруалармен кездесті
Президент • Кеше
Ұқсас жаңалықтар