Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Тұңғыш Президенті күніне орай әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жас кәсіпкерлер форумы өтті, деп жазады Egemen.kz.

ҚазҰУ мен TAN Media Group ұйымдастырған форумға Нұрлан Смағұлов, Арманжан Байтасов, Асылбек Қожахметов, Қайрат Мәжібаев, Гауһар Қаппарова, Нұржан Жаңабеков және басқа да көптеген танымал кәсіпкерлер қатысып, сөз сөйледі.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма төрағасы – ректор Жансейіт Түймебаев жиналғандарды форумның ашылуымен құттықтап, маңыздылығына тоқталды. Өз сөзінде университет басшысы жас буынды кәсіпкерлікке баулу, ел экономикасын дамыту үшін өзекті екенін жеткізді.
«Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қызметіне кіріскен алғашқы жылдары «алдымен – экономика, содан соң – саясат» қағидасын ұстанды. Бұл өз кезегінде еліміздің нарықтық экономикаға көшуіне, кәсіпкерлікті дамытуға, ел еңсесін көтеруге жол ашты. Қазақстан экономикасының тәуелсіздік жылдары бағындырған белес, алған асуында кәсіпкерліктің үлесі зор. Қазіргі таңда біздің елімізде жас бизнесмендерге жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді. Мәселен, ҚазҰУ-да Экономика және бизнес жоғары мектебі жұмыс істейді. Жыл сайын осы жерден 500 бакалавр, магистр және PhD докторлары оқуларын тамамдап шығады. Бүгінгі өтіп жатқан форумның жас мамандар үшін берері мол деп есептеймін», деп атап өтті Жансейіт Түймебаев.
Форум аясында сөз сөйлеген кәсіпкерлердің көпшілігі Қазақ ұлттық университетінің түлектері. Солардың бірі – «Muzzone» музыкалық телеарнасының және «TAN Media Group» ЖШС басшысы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Директорлар кеңесінің мүшесі Арманжан Байтасов. Ол университет қабырғасында оқып жүріп-ақ кәсіпкерлікпен айналысқанын айтады.
«ҚазҰУ – біздің альма матеріміз. Бүгінгі жиынға қатысушылардың көбі студент кезінде білім мен бизнесті қатар алып жүргендер. 90-жылдары өте қиын болды. Соған қарамастан, бизнеске деген қызығушылығымыздың арқасында осындай жетістікке жеттік. Ал қазіргі жастардың кәсіппен айналысуына барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Тек кітап оқып, ой өрістерін жетілдіруі қажет», дейді университет түлегі.
Сондай-ақ форумда сөз сөйлеген қазақстандық бизнесмен және қоғам қайраткері, RG Brands және Resmi Group негізін қалаушы Қайрат Мәжібаев сапалы білім берудің маңыздылығына тоқталды. Ол өз кезегінде білімді кәсіпкер мол табысқа жететінін айтты. Сол себептен ол жастарды бизнес бастауда қорықпауға шақырды.
Спикерлер пайдалы ақпаратпен бөлісіп қана қоймай, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Іс-шара барысында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен «TAN Media Group» ЖШС ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Сонымен қатар форум аясында екі апта бұрын ұйымдастырылған «Media café» байқауының қорытындысы жарияланды. Сайыста үш адамнан құралған топ, яғни Нұрсұлтан Оңдасынов, Әсем Ерланова, Дінаман Серікқан өздерінің креативті жобаларын ұсынып, бір жыл кофехананы басқару грантын жеңіп алды. Форум ұйымдастырушылары университет аумағында кофехананың құрылуын толық қаржыландырады. Оған барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету, оқыту кіреді.
Осылайша университет қабырғасында алғаш рет өткен форумға қатыса отырып, студенттер пайдалы ақпарат алды.
Елордада субұрқақтан энтеровирус анықталды
Елорда • Кеше
Мақтаарал тұрғыны ауласынан адам сүйегін тауып алды
Оқиға • Кеше
Өскеменде 4,3 млн теңге жымқырған есепші ұсталды
Оқиға • Кеше
Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысы жаңа форматта өтті
Үкімет • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Мемлекеттік баға реттеу мәселелері туралы заңға өзгерістер енгізілді
Президент • Кеше
Биыл Шымкентте 51 үй пайдалануға беріледі
Аймақтар • Кеше
Ақсу электр станциясында жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Кеше
Қоғам • Кеше
Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Кеше
Перуде лай көшкінінен 150 үй қирады
Әлем • Кеше
Қазақстанда жинақ салымдары бойынша ең жоғары мөлшерлеме өсті
Экономика • Кеше
Алматыда қоршауға өрмелеген 8 жасар баланы тоқ соқты
Оқиға • Кеше
Қаржы • Кеше
Екібастұзда алаяқтық жасаған күдіктілер ұсталды
Оқиға • Кеше
Үндістанда су тасқынынан 14 адам қаза тапты
Әлем • Кеше
Нұр-Сұлтан мен Алматы студенттер үшін ең үздік қала қатарына қосылды
Қазақстан • Кеше
Қазақстан сыртқы саясатының негізгі бағыттары аталды
Қазақстан • Кеше
Биыл Қазақстанда қандай халықаралық іс-шаралар өтеді
Қазақстан • Кеше
Грек-рим күресінен ел чемпиондары анықталды
Күрес • Кеше
Шетел азаматтары медициналық тексерістен қалай өтеді
Медицина • Кеше
Жалдамалы жұмысшылардың жалақысы 17 пайызға өсті
Қоғам • Кеше
Есірткімен ұсталған ақтөбелік 10 жылға сотталды
Аймақтар • Кеше
«Сары» аймаққа кірген жағдайда карантин күшейтіледі
Коронавирус • Кеше
Ұқсас жаңалықтар