Қаланы мемлекеттік мерекелерде безендіруге 24 579 568 теңге бөлінген, деп хабарлайды Egemen.kz mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Биыл 27 сәуір күні «Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік сатып алу порталына қаланы мереке күндері безендіруге арналған конкурс жариялаған.
Ашық дереккөзіне сүйенсек, конкурсқа өтінім қабылдау 5 мамыр күні басталып, 20 мамыр күні аяқталған. 15 күн ішінде бар-жоғы 2 өтініш келіп түскен.
Нәтижесінде, қаланы безендіру жұмысын 24 000 000 теңгеге бағалаған «Актау Рrint» мердігер мекемесі жеңімпаз атанды. Енді мекеме 31 желтоқсанға дейінгі мемлекеттік мерекелерде қаланы көркейте түседі.
Айта кетейік, 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай қаланы безендіру жұмысы 25-28 қараша айында жүргізілді. Ал 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні қарсаңында безендіру жұмыстары 10 желтоқсанда басталып, үш күннен кейін аяқталуы тиіс.
Биылғы безендірудің техникалық ерекшеліктеріне шолу жасайық. Мердігер мекеменің жауапкершілігінде брандмауэр дайындау, билбордтарды баннермен безендіру, кермелі баннерлерді дайындау және орнату жұмыстары бар. Сонымен қатар 104 тутұғырға жөндеу жүргізу, салют және одан басқа кәрзеңкелерді жөндеу, тутұғырларға ту ілу, 18 тутұғырлы кәрзеңкені безендіру, 11 дана «Салют» кәрзеңкесін безендіру, 6 ЛЭД экранға бейнеролик шығару сынды жұмыс жүктелген.
Бұған дейін мердігер мекеме техникалық ерекшеліктерге сай 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күні, 6 шілде – Астана күні, 30 тамыз –ҚР Конституция күні қарсаңында қаланы безендірген.
Аймақтық басылым тілшілері биыл «Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі» қаланы 8 наурыз – халықаралық әйелдер күні мен 21-23 наурыз мерекесі қарсаңында безендіруге 4 699 856 теңге бөлгенін жазған. Ал 2019 жылы дәл осы мерекеге 7 864 000 теңге жұмсағанын анықтады.
Биыл 7,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
Қоғам • Бүгін, 10:47
Елордадағы мешітте ұрлық жасаған өзбекстандық ұсталды
Елорда • Бүгін, 10:39
Қазақстандық спортшылар Ислам ойындарында тағы 2 жүлде алды
Спорт • Бүгін, 10:30
Алматыда дизель отынына сұраныс артып келеді
Аймақтар • Бүгін, 10:23
Шымкентте 1 жасар бала тоққа түсіп қалды
Оқиға • Бүгін, 10:13
Армениядағы жарылыстан қаза тапқандар саны 11-ге жетті
Әлем • Бүгін, 10:08
Алматыдан 125 шақырым жерде жер сілкінді
Аймақтар • Бүгін, 10:00
Қазақстандықтар тағы бір елге визасыз бара алады
Туризм • Бүгін, 09:52
16 тамызға арналған валюта бағамы
Экономика • Бүгін, 09:47
Елена Рыбакина Цинциннати турнирін сәтті бастады
Теннис • Бүгін, 09:42
16 тамызға арналға ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:38
Қазақстанда 9,5 миллионнан астам адам екпе салдырған
Коронавирус • Бүгін, 09:30
ХҚКО өкілдері мүгедектерге мемлекеттік баж салығын төлеткен
ANTIKOR • Бүгін, 09:22
Соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгердің сүйегі елге қайтарылды
Қоғам • Бүгін, 09:13
1453 адам коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:06
Өткен тәулікте 789 қазақстандық індет жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Ұлттық спорт • Бүгін, 08:43
Спорт • Бүгін, 08:42
Спорт • Бүгін, 08:40
Цинциннатидегі турнир басталды
Спорт • Бүгін, 08:38
Үздік құрылысшылар марапатталды
Қоғам • Бүгін, 08:37
Спорт • Бүгін, 08:35
Спорт • Бүгін, 08:34
Қоғам • Бүгін, 08:32
Қоғам • Бүгін, 08:30
Жұлынқұрт лабораториясы әшкереленді
Аймақтар • Бүгін, 08:27
Қоғам • Бүгін, 08:25
Білім • Бүгін, 08:22
Білім • Бүгін, 08:20
Қоғам • Бүгін, 08:17
Ақтөбеде көрікті жер көп, ал инфрақұрылым сын көтермейді
Аймақтар • Бүгін, 08:15
Мойынқұмда маңызды мәселелер айтылды
Аймақтар • Бүгін, 08:13
Жаңа Қазақстан – шетелдіктер көзімен
Саясат • Бүгін, 08:10
Қазақстан • Кеше
Орталық және Оңтүстік Азия интеграциясы Еуропаға жол ашады
Экономика • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қуатты өңір – мемлекет дамуының кепілі
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Кадрларды қаншалықты бағалап жүрміз?
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар