Теннис • 02 Желтоқсан, 2021

Дэвис кубогі: Қазақстан ширек финалда Сербияға есе жіберді

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теннистен Қазақстан командасы Дэвис кубогінің ширек финалында Сербиядан ұтылып, жарысты аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК-ке сілтеме жасап.

Дэвис кубогі: Қазақстан ширек финалда Сербияға есе жіберді

Мадридте өткен ойында қазақстандықтар 1:2 есебімен қарсыласқа жол берді. 

Шешуші матчта әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джокович пен Никола Чачич жұбы қазақстандық Андрей Голубев пен Александр Недовесовті 6:2, 2:6, 6:3 есебімен ұтты. 

Кездесу 1 сағат 37 минутқа созылған. 

Айта кетейік, Сербия мен Қазақстан арасындағы матчта Қазақстан тарапынан Михаил Кукушкин ғана жеңіске жетті. Ал Александр Бублик өз кезегінде Новак Джоковичтен ұтылды. 

 

Соңғы жаңалықтар