Қазақстан • 02 Желтоқсан, 2021

210 курсант қашып кеткен. Қорғаныс министрлігі түсінік берді

1102 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Қорғаныс министрлігі әскери институтты өз бетімен тастап кеткен курсанттарға қатысты ресми түсінік берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

210 курсант қашып кеткен. Қорғаныс министрлігі түсінік берді

Министрліктің мәліметінше, 2021 жылдың 1 желтоқсанында 18.00-ден кейін Құрлық әскерлері әскери институтының төртінші курсында білім алып жүрген 210 курсант оқу орнын өз бетінше тастап кеткен.

Бүгін сағат 09.00-де барлық курсанттар сабақтарында болған.

Институт бастығы генерал-майор Дулат Адырбеков курсанттардың институтты өз бетімен тастап кетуін кадрлық тағайындаумен келіспеуден, яғни факультет (курс) бастығының ауысуымен байланысты, сонымен қатар олар бұрынғы басшыны қайтаруды сұрайды деп түсіндірді.

Курсанттардың ата-аналарына орын алған жағдай туралы айтылған.

Аталған факті бойынша Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдиновтың басшылық етуімен Қорғаныс министрлігінің комиссиясы тергеу жүргізуде.