Әлем • 02 Желтоқсан, 2021

Коронавирусқа қарсы екпе алуды міндеттеуі мүмкін

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еуропалық Одақта азаматтардың коронавирусқа қарсы міндетті вакцинациялау туралы мәселесе қызу талқылануда. Еурокомиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйен мәлім еткендей, ЕО елдеріндегі халықтың үштен бірі, яғни 150 000 000 азамат вакцина салдырмаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Коронавирусқа қарсы екпе алуды міндеттеуі мүмкін

Еурокомиссия басшысының айтуынша, жас шектеулері мен қарсы көрсетілімдері ескеріле отырып, халықтың басым бөлігі коронавирусқа қарсы екпе алуға міндетті. Бұл ретте осы мәселенің Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің құзыреттілігінде екені айтылды.

Бұдан басқа, Еуропаның 11 елінде коронавирустың «омикрон» штамы анықталғаны белгілі болды.

Грузия «жасыл төлқұжат» деп аталатын вакцина паспортын енгізді. Бұл төлқұжат арқылы 18 жастан асқан азаматтар қоғамдық орындарға еркін бара алады. Ведомствоаралық үйлестіру кеңесінің шешіміне сәйкес, толық вакцина алған, ПТР-тестілеуден өткен немесе инфекциямен ауырып сауыққан адамдар ғана тамақтану орындарына, ойын-сауық орталықтарына, кинотеатрларға, театрларға, мұражайларға, концерт залдарына және басқа да қоғамдық мекемелерге бара алады.

Қазіргі уақытта Грузияда коронавирусты жұқтыру жағдайларының саны 850 102-ге жетті, ал 12 119 адам індеттен қайтыс болды.