Бүгінгі Маңғыстау азат елдің тілектеріне сай дамуға ұмтылуда. Тек қазба байлықтары ғана емес, әлеуметтік-экономикалық серпінге қажетті туристік, логистикалық әлеуетке ие. Қазақстан үшін әлемге ашылған қақпа саналатын Ақтау теңіз порты – ел дамуының негізгі саласының, басым бағыттарының бірі болмақ. Өңір өткен жылды тұрақты даму ырғағынан жаңылмай, оң өзгерістермен аяқтады. Мұнай мен газ өндіруді 2012 жылмен салыстырғанда 102% артықшылықпен еңсерді. Шағын және орта кәсіпкерлікті өркендету, жаңа өндіріс орындары мен әлеуметтік нысандарды іске қосу арқылы 23 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары ашылды.
Ашулы да азулы арыстандай гүрілдей атылған ақжал толқындарына бауырын төсеп еркелей тербелген құс төресі – аққудың, су бетінен өз көлеңкесін қызықтағандай қалықтай ұшқан шағалалардың мекені – қарт Каспий жағасында маңдайын күнге сүйгізіп Ақтау қаласы қасқайып тұр. Өн бойына өнер мен мәдениетті, шаттық пен салтанатты, ерлік пен адалдықты, байлық пен бақытты ұйытқан жарты ғасырлық ғұмыры бар жас қала алысқа асқақтай көз салып, аршынды адыммен алға ұмтылуда. Бағыты – болашақ, діттегені – даму, сенері – білім мен еңбек. Бір қолымен көк теңізбен көрісе жетектескен қала екінші қолын алып аймаққа емірене созады. Орталық қаладан басталған сәттілік шуағы Қарақия арқылы Жаңаөзен қаласына жалғасып, Мұнайлы, Түпқараған, Маңғыстау мен Бейнеу аудандарына тарап жатқан тәрізді. Ал барлығы тұтаса келе киелі Маңғыстау даласының бүгінгі даму ырғағын еселеп, тұлғалана, сомдала түседі.
Маң даласы тарихи-мәдени ескерткіштердің мәңгілік мекеніне айналып, 362 әулие рухы тербеген дала ұлы қазақ елінің, азат қазақ даласы мен тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қиырындағы шағын бөлшегі, осы бөлшектің күш-қуатының өзі ерен тылсымға ие.
Жаңғыра бер, қазақ даласы!
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Маңғыстау облысы.

Қазақстан IT-экспортында жаңа рекорд орнатты: 1,1 млрд доллар межесі еңсерілді
Технология • Бүгін, 17:08
Астанада бірқатар көшеде қозғалыс шектеледі: Полиция жүргізушілерге үндеу жасады
Елорда • Бүгін, 16:55
Азық-түлік сапасы: Химиялық тыңайтқыштар денсаулыққа қалай әсер етеді?
Шаруашылық • Бүгін, 16:52
«Қаражанбасмұнай» жұмысшылары Президентке үндеу жолдады
Еңбек • Бүгін, 16:45
Қызылорда облысында түйе ұрлаған азамат 5 жылға сотталды
Қылмыс • Бүгін, 16:28
Қан донорларына төленетін өтемақы мөлшері көбейе ме?
Медицина • Бүгін, 16:15
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді
Президент • Бүгін, 16:08
@TazaQazBot – тазалық жолындағы тиімді тетік: 24 мыңнан астам мәселе шешімін тапты
Экология • Бүгін, 15:59
Президент Қазақстан құрамасын Азия біріншілігінде табысты өнер көрсетуімен құттықтады
Президент • Бүгін, 15:23
Мемлекет басшысы: «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасының түпкі мәні – қоғамдық сананы жаңғырту
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:10
Президент: Қожа Ахмет Ясауидің мұрасын зерттеп, оны елімізде және шетелде кеңінен дәріптеуіміз керек
Президент • Бүгін, 14:51
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 14:48
Тоқаев: Заңға бағыну мәдениетін түбегейлі орнықтыруымыз қажет
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 14:39
Мемлекет басшысы бір топ жас ғалымға пәтер кілттерін табыстады
Президент • Бүгін, 14:33
Президент қазақстандық ғалымдарды марапаттады
Президент • Бүгін, 14:20