Кәсіпқой бокс • 02 Желтоқсан, 2021

Жеңілістен кейінгі жаңа қадам

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бірінші жартылай орта салмақ дәрежесінде сынға түсіп жүрген қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаевтың шаршы алаңға қашан оралатыны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жеңілістен кейінгі жаңа қадам

Boxrec.com сайты таратқан мәліметке зер салсақ, қазақ боксшысы 11 жетоқсан күні рингке шығуды жоспарлап отыр. Ол АҚШ төрінде өтетін бокс кешінде бақ сынап көрмек.

Соңғы рет осы жылдың мамыр айында шаршы алаңға көтерілген Батыр Жүкембаев кәсіби мансабында алғаш рет жеңілістің кермек дәмін татқан болатын. Пуерто-Рико елінің боксшысы Сабриэль Матиаспен қолғап түйістірген отандасымыз қарсыласына мерзімінен бұрын есе жібергені есте. Енді ол сол кездесуде кеткен қателіктерден сабақ шығарып, кәсіби мансабындағы жаңа қадамын бастап көрмек.