Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы ұрының саусақ іздерін анықтады, сондай-ақ ұрлық жасалған сәт «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенге түсіп қалған.
Келтірілген залал 510 000 теңгені құрады.
«Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер ұрлық жасады деген күдікпен 15 жастағы мектеп оқушысының жеке басын анықтаған. Тексеру барысында кәмелетке толмаған баланың бұрын бірнеше рет ұрлық жасағаны және қыркүйектен бастап Өскемен қ. ПБ-да есепте тұрғаны анықталды», деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев
Жасөспірім апасымен бірге тұратыны, ал анасы бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқаны белгілі болды.
Бала ШҚО білім басқармасының Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Бұдан кейін жиналған материалдар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияда қаралады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағы «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.