Қоғам • 02 Желтоқсан, 2021

87 мың алматылыққа әлеуметтік көмек көрсетілді

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде 87 мың алматылыққа әлеуметтік көмек көрсетілгенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

87 мың алматылыққа әлеуметтік көмек көрсетілді

Ілияс Өсеровтың айтуынша, Алматыда күнкөріс минимумы өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 23,2%-ға өскен. Бүгінде ол 44 105 теңгені құрайды.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, Алматыда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен 87 мыңнан астам адам тұрады, бұл қала халқының жалпы санының 4,4%-ын құрайды. Азаматтардың осы санатына АӘК төлеу үшін 2,6 млрд теңге бөлініп, жұмысқа орналасуға көмек, бизнес-жобаларды іске асыру үшін гранттар беру түрінде жан-жақты қолдау көрсетіліп отырады.

«Ең төменгі күнкөріс деңгейінің есебіне азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын шығындар да кіреді», деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының соңғы жолдауы барысында ең төменгі жалақы мөлшері 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап 42 500-ден 60 000 теңгеге дейін арттырылғаны айтылды.