Футбол • 02 Желтоқсан, 2021

«Қайрат» Ресейде топ жарды

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейдің Тюмень қаласында футзалдан Чемпиондар Лигасының элиталық кезеңінің ойындары басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қайрат» Ресейде топ жарды

Осы жарысқа қатысқан төрт қатысушының ішінде қазақстандық футзалдың флагманы – алматылық «Қайрат» та бар. Тюменьдегі турнирді Алматыдан келген ұжым ашты. «Қайраттың» қарсыласы Беларусь чемпионы - «Витэн» командасы болды. Қарсыластар шынында да мықты болды, сондықтан «Қайрат» табысқа жету үшін бар күшін салды.

Матчтағы есепті «Витэннің» ойыншысы Олег Еремин ашты. Алматылықтарға нәтижені теңестіруге бірнеше минут уақыт кетті, дәл соққымен Савио көзге түсті.

Көп ұзамай Альберт Ақбалықов қазақстандықтарды алға шығарып, есеп 2:1 болды. Алайда қарсылас тарап Павел Роговиктің голымен жауап беріп, таразы басын теңестірді.

Екінші таймда Кака шәкірттері «Витэннің» қақпасына гол соқты. Жеңіс добының авторы Шыңғыс Есенаманов болды. Осылайша, тартысты матч 3:2 есебімен аяқталып, «Қайрат» А тобының турнирлік кестесін басқарды.