Аймақтар • 03 Желтоқсан, 2021

Елбасы өнегесі – Түркістан төрінде

76 рет көрсетілді

Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесіне орай Түркістан төрінде «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қазандық бөлмесінде «Елбасы өнегесі» атты көрме ашылды.

Көрме экспозициясына қорық-музей қорында тұр­­ған 50-ден аса жәдігер қойыл­ды. Оның ішінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 1985 жылы Қазақ КСР Министрлер каби­нетінің басшысы кезіндегі, Тәуелсіз Қазақстанның Тұң­ғыш Президенті тұсындағы суреттер мен құжаттар, бауырлас Түркия Республикасының басшылары Тұрғыт Озал, Сүлеймен Демирел, Ахмет Сезар, Абдулла Гүл, Режеп Ер­до­ған және Өзбекстан Рес­пуб­ликасының тұңғыш пре­зиденті И.Каримовпен өткен ресми кездесулер жайлы тарихи құжаттар қойылды.

Сонымен қатар Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдерінде жа­рық көрген «Ғасырлар то­ғысында», «Тарих тол­қы­нында», «Сындарлы он жыл», «Қазақстан жолы», «Казах­станский путь», «Бейбітшілік кіндігі», «Туған елім – тірегім», «Евразийский Союз: идеи, практика перспективы», «Kutup Yildizi», «Nursultan Nazarbayev» атты туындылары мен 1999 жылы қорық-музей қорына табыстаған Құран Кәрім кітабы, 2005 жылы Түркістанға ресми сапармен келгенде киген шапаны көпшілік назарына ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар