Көрме экспозициясына қорық-музей қорында тұрған 50-ден аса жәдігер қойылды. Оның ішінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 1985 жылы Қазақ КСР Министрлер кабинетінің басшысы кезіндегі, Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті тұсындағы суреттер мен құжаттар, бауырлас Түркия Республикасының басшылары Тұрғыт Озал, Сүлеймен Демирел, Ахмет Сезар, Абдулла Гүл, Режеп Ердоған және Өзбекстан Республикасының тұңғыш президенті И.Каримовпен өткен ресми кездесулер жайлы тарихи құжаттар қойылды.
Сонымен қатар Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдерінде жарық көрген «Ғасырлар тоғысында», «Тарих толқынында», «Сындарлы он жыл», «Қазақстан жолы», «Казахстанский путь», «Бейбітшілік кіндігі», «Туған елім – тірегім», «Евразийский Союз: идеи, практика перспективы», «Kutup Yildizi», «Nursultan Nazarbayev» атты туындылары мен 1999 жылы қорық-музей қорына табыстаған Құран Кәрім кітабы, 2005 жылы Түркістанға ресми сапармен келгенде киген шапаны көпшілік назарына ұсынылды.