Футбол • 03 Желтоқсан, 2021

ҚПЛ-дің қымбат футболшылары

412 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әйгілі Transfermarkt басылымы футболдан Қазақстан чемпионатында доп тебетін футболшылардың трансферлік құнын жариялады. Жыл ба­сындағы рейтингте көш басында тұрған «Қай­­­раттың» польшалық легионері Яцек Гуральски 500 мың еуроға арзандап, екінші орынға түсіп қалды. Оның қазіргі бағасы – 1,8 миллион еуро.

ҚПЛ-дің қымбат футболшылары

Немістің әйгілі сайтындағы дерек бойынша осы маусымда «Астана» сапында сәтті өнер көрсеткен армениялық Тигран Бар­сегян ел біріншілігінің ең қымбат фут­болшысы атанды. Қазіргі таңда оның транс­ферлік құны – 2,5 миллион еуро. Чем­пионат басында ол 2 миллион еуромен үшінші орынға табан тіреген еді. Қымбат футболшылардың үштігін «Қайраттың» қорғаушысы Нұрәлі Әліп пен «Тобылдың» шабуылшысы Игорь Сергеев (Өзбекстан) түйіндеп тұр. Олардың трансфердегі бағасы – 1,7 миллион еуро. ҚПЛ-дің биылғы сұрмергендер тізімінде 11 голмен 3-орын алған И.Сергеевтің бағасы жыл басынан бері 200 мың еуроға артқан.

Кейінгі орындарға мына футболшылар жайғасқан: Раде Дугалич («Қайрат») – 1,8 млн еуро (-200 мың), Хосе Канте («Қайрат») – 1,5 млн еуро (+500), Дино Миканович («Қайрат») – 1,7 млн еуро (-600), Абзал Бейсебеков («Астана») – 1,4 млн еуро, Небойша Косович («Қайрат») – 1,3 млн еуро (+300), Алекса Аманович («Тобыл») – 1,3 млн еуро.