Бокс • 03 Желтоқсан, 2021

Міндетті қарсылас атанды

148 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орта салмақтағы WBO Global және WBC Continental белбеулерінің иегері қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) чем­пионына міндетті қарсылас атанды.

Міндетті қарсылас атанды

Отандасымыз 21 қарашада Фран­цияның экс-әлем чемпионы Хассан Н’Дам Н’Жикамды техникалық нокаутпен жең­геннен кейін оның менеджері Эгис Климас WBO ұйымына хат жазып, Әлімханұлын осы тұжырымның қазіргі чемпионы Деметриус Андраденің міндетті қарсыласы етіп тағайындауды сұраған еді.

Арада 10 күн өткенде WBO ұйымы Кли­мастың өтінішін қанағаттандырып, екі боксшының промоутерлеріне жекпе-жекті ұйымдастыруға ресми хат жолдады. WBO-ның ресми сайтында жарияланған мәліметте: «Орта салмақтағы WBO чемпио­ны америкалық Деметриус Андраде мен қазақстандық боксшының командасына жекпе-жекті ұйымдастыруға 20 күн уақыт береміз. Егер промоутерлер ортақ шешімге келе алмаса, кездесуді өткізу құқығы промоутерлік бәссаудаға шығарылады», делінген.