Бокс • 03 Желтоқсан, 2021

AIBA президенті Қазақстанға ресми сапармен келді

455 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының президенті Умар Кремлев Қазақстанға келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

AIBA президенті Қазақстанға ресми сапармен келді

Умар Кремлев ұйым басшысы болғалы алғаш рет Қазақстанға, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласына ат басын бұрды. AIBA президентінің елордаға келудегі басты мақсаты – біздің елдің бокс мамандарымен бірлесе жұмыс істеп, әуесқой бокстың Қазақстанда дамуына үлес қосу.

«Қазақстанның әуесқой бокс державасы екені бұрыннан мәлім. Сондықтан да мен сіздердің елге келіп, боксшылардың, бапкерлердің жұмысын көргенді жөн санадым. Дәл қазір біздің ұйым төрешілікке қатысты реформалар жасап жатыр. Барлық наразылықтар қабылданады. Бірінші кезекте адалдық пен ашықтық бәрінен жоғары тұруы тиіс. Қазақстан бокс федерациясының еселі еңбегінің арқасында әуесқой бокс өркендеп келеді. Сондықтан да алғысымды білдіремін», деді AIBA басшысы.

Ұйым басшысы ресми сапары барысында елордалық боксшылардың «Астана-Арена» стадионындағы жаттығуын көрмек. Одан бөлек біздің елдің бокс мамандарымен бірге бірнеше кездесулерге қатыспақ.