Қазақстанда зейнетақы жинағын алудың жеткілікті деңгейі айтарлықтай өседі. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ең төменгі жеткілікті деңгей шегі (ТЖШ) қалай есептелетінін түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

БЖЗҚ мәліметінше, 2021 жылдың қаңтарында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы күшіне енді. Заңға сәйкес, азаматтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту, емделудің ақысын төлеу, сондай-ақ, жеке басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін пайдалану құқығы беріледі. Бұл құқықты зейнетақы жарналарын тұрақты және толық көлемде аудару есебінен ең төменгі жеткілікті деңгей шегінен асатын және болашақта ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем емес зейнетақы төлемін алуға мүмкіндігі бар салымшылар пайдалана алады.
«Азаматтардың пайдалануы үшін қолжетімді зейнетақы жинақтары тек міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын ғана емес, сондай-ақ, оларды инвестициялаудан алынған инвестициялық табысты да қамтиды. ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңында: зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегі - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен әдістемеге сәйкес айқындалған, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем емес ай сайынғы зейнетақыны қамтамасыз ету үшін қажетті міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының ең төмен мөлшері деп айқындалған», делінген хабарламада.
ТЖШ айқындау әдістемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылдың 2 қазанындағы №1042 қаулысымен бекітілген.
Әдістемеге сәйкес ТЖШ мөлшері әрбір жас ерекшеліктері үшін есептеледі және болашақ зейнетақы төлемдері мен зейнетақы жарналарының өсуін ескереді. Бұл ретте Қазақстан Республикасының «Республикалық бюджет туралы» заңына сәйкес, жыл сайын индекстелетін ең төменгі жалақы (ЕТЖ), ең төменгі зейнетақы (ЕТЗ), ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) сияқты әлеуметтік көрсеткіштер қолданылады. Осыған байланысты ТЖШ мөлшерін есептеу жыл сайын аталған көрсеткіштердің өсуін ескере отырып жүргізіледі.
Сондай-ақ әдістемеге сәйкес ТЖШ анықтау үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұсынысы бойынша және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің келісімі бойынша жыл сайынғы негізде қабылданатын көрсеткіштер пайдаланылады.
Елорда әкімі мердігерге ЖЭО-3 құрылысын аяқтауды тапсырды
Қоғам • Бүгін, 12:13
Қарағанды мешітінде ұрлық жасаған жас жігіт ұсталды
Қоғам • Бүгін, 12:05
Елордалық бес кикбоксер Ислам ойындарының финалына шықты
Елорда • Бүгін, 11:52
Қызылордада ірі есірткі алқабы жойылды
Аймақтар • Бүгін, 11:45
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жаңа төрағасы таныстырылды
Қазақстан • Бүгін, 11:34
Елордада кезекті бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті
Елорда • Бүгін, 11:28
Магистратураға түсуге 17 мың талапкер өтініш берді
Білім • Бүгін, 11:18
Алматыда көпқабатты үйден әйел құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 11:07
Дизельді заңсыз тасымалдаған қызылордалық сотталды
Аймақтар • Бүгін, 11:00
Қоғам • Бүгін, 10:53
Еліміздің 7 өңірінде Бала құқықтары жөніндегі уәкіл тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:40
Нұр-Сұлтан дәріханаларында есірткі сатылып келген
Елорда • Бүгін, 10:34
Коронавирус жұқтырған 37 науқастың жағдайы ауыр
Коронавирус • Бүгін, 10:27
Өскеменде жоғалып кеткен әйел табылмай жатыр
Оқиға • Бүгін, 10:15
Қытайда аптап ыстыққа байланысты қауіптің қызыл деңгейі жарияланды
Әлем • Бүгін, 10:02
Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады
Ауа райы • Бүгін, 09:52
Мемлекет басшысы Сингапурға ресми сапармен барады
Қазақстан • Бүгін, 09:47
Юлия Путинцева Цинциннати турнирінде жеңіліп қалды
Теннис • Бүгін, 09:35
17 тамызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:23
Ішкі істер министрлігіне қарасты ЖОО басшылары жауапқа тартылды
Қазақстан • Бүгін, 09:17
Ерлан Ыдырысов қызметінен босатылды
Президент • Бүгін, 09:03
Елімізде тағы 1 104 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Спорт • Бүгін, 08:40
Спорт • Бүгін, 08:38
Спорт • Бүгін, 08:35
Өнер • Бүгін, 08:33
Таным • Бүгін, 08:30
Жұқпалы індеттен абай болған абзал
Медицина • Бүгін, 08:28
Қаржы • Бүгін, 08:25
Қос ауданда өткен азаматтық қабылдау
Саясат • Бүгін, 08:23
Мемлекеттік сыйлық: Үміткерлер іріктелді
Қазақстан • Бүгін, 08:21
Саясат • Бүгін, 08:20
Саясат • Бүгін, 08:18
Алманың атасы: Жетісу сиверсінің жайы қандай?
Аймақтар • Бүгін, 00:18
Қоғам • Бүгін, 00:15
Экономиканың өсуіне нақты сектор үлес қосып отыр
Саясат • Бүгін, 00:12
Аймақтар • Бүгін, 00:11
Аймақтар • Бүгін, 00:10
Өзгермелі әлемдегі ынтымақтастық жолы
Саясат • Бүгін, 00:06
Жетінші съездің арқалаған жүгі қандай?
Қазақстан • Бүгін, 00:03
Ұқсас жаңалықтар