Саладағы негізгі күрмеулі мәселелерді Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Сенаттағы парламенттік тыңдауда мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ең алдымен, осы жылдың 10 айында саланың даму қорытындылары туралы қысқаша баяндауға рұқсат етіңіздер. Осы кезең ішінде саланың жалпы өнімінің көлемі 2,3%-ға төмендеп, 6,4 трлн теңгені құрады. Себебі - биылғы аномалды құрғақшылық. Соның салдарынан өсімдік шаруашылығының өнімі 6,1%-ға азайды. Ал мал шаруашылығында өнім 3,7%-ға, тамақ өндірісінде 3,6%-ға өсті. Саланың негізгі капиталына құйылатын инвестициялар тұрақты түрде өсіп, олардың жалпы көлемі 41,9%-ға көбейді, бұл көрсеткіш тамақ өнеркәсібінде 5,9%-ға артты», деді Е. Қарашөкеев «Ауыл шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелері мен перспективалары» тақырыбына арналған парламенттік тыңдауда.
Министр мәліметінше, сала әлі де болса тәуекелі жоғары, табиғи-климаттық жағдайларға тәуелді болып отыр. Оның негізгі себептері – техникалық және технологиялық артта қалушылық пен өндірістегі экстенсивтік әдістердің басымдығы.
«Атап айтсам, өсімдік шаруашылығы әртараптандыруды аяғына жеткізуді қажет етеді. Онда қолданыста артта қалған агротехнологиялар әлі де болса басым, ауыспалы егіс қағидалары дұрыс сақталмайды, топырақ құнарлылығы төмендеуде. Осының бәрі жер процестерін бақылаудың жетік тетіктерінің әлі де болса жоқтығынан болып отыр. Сонымен қатар, селекцияның ескірген әдістеріне негізделген тұқым шаруашылығы жүйесі де уақыт талаптарына сай емес және соның салдарынан тұқымдар бойынша импортқа тәуелді болу қаупі бар», деді министр.
Оның сөзіне қарағанда, мал шаруашылығының негізгі кемістігі – ол саланы жем-шөп базасының мүмкіндігіне қарамай дамытуында. Елімізде мал азығы зоотехникалық нормадан 2 есе аз өндіріледі. Жайылымдардың 20%-дан 60%-ға дейінгі бөлігі тозған, ал жайылымдық алқаптардың 42%-ы суландырудың жоқтығынан пайдаланылмауда.
«Ветеринария саласында да кемшіліктер бар. Ауылды жерлерде ветеринариялық қызмет көрсету тиісті деңгейде дамымауда. Бұл салаға цифрландыру істері әлі де болса жетпеген, мамандар қағазбасты жұмыстан арылмаған. Сонымен қатар, орталық және жергілікті атқарушы органдардың ветеринариялық қызметтері арасында өкілеттіктердің аражігін толық ажырату қажет. Мал дәрігерлерінің жалақысы өте төменгі деңгейде», деді Ербол Қарашөкеев.
Саясат • Кеше
Коронавирус қайталануы мүмкін бе?
Коронавирус • Кеше
Қазақстан • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Медицина • Кеше
Тұтылып тұрып, құтылып кеткені қалай?!
Қоғам • Кеше
Аймақтар • Кеше
«Қыздар, қыздар... » әні қалай өмірге келді?
Өнер • Кеше
«...Махаббатыма маңдайды сүйеп өлемін»
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Экология • Кеше
Биылғы жылдың «Барысы» – Исағабылов
Күрес • Кеше
Спорт • Кеше
Аймақтар • Кеше
Елорда • Кеше
Kids Go Free: 300-ден астам бала тегін ұшты
Қоғам • Кеше
Алматыдағы Сайран көлінен ішек таяқшалары анықталды
Аймақтар • Кеше
Түркістанды түркітілдес елдердің туристік астанасы ету ұсынылды
Аймақтар • Кеше
Алматының бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты
Коронавирус • Кеше
Президент стрестік активтер нарығын дамыту бойынша заңға қол қойды
Президент • Кеше
Президент волонтерлік қызмет туралы заңға қол қойды
Президент • Кеше
Алматы қаласының жаңа бренді жасалады
Аймақтар • Кеше
Елордада туристік ақпараттық орталық ашылады
Туризм • Кеше
Олжас Сыдықбек жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Mecenat.kz әдеби байқауының жеңімпазы анықталды
Әдебиет • Кеше
Шымкентте Қонаев даңғылы ашылды
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы Бақыт Сұлтановты қабылдады
Президент • Кеше
Алматыда «Бақорда» базарынан өрт шықты
Оқиға • Кеше
Семейде көпқабатты үйден өрт шықты
Оқиға • Кеше
Аймақтар • Кеше
Алматыда 3 жаңа метро станциясы салынады
Аймақтар • Кеше
Қор нарығында доллар бағасы арзандады
Қаржы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар