Елорда • 03 Желтоқсан, 2021

Елордада 70 жаңа мектеп салынады

499 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов білім ошақтарының құрылысы туралы айтты, деп жазады Egemen.kz.

Елордада 70 жаңа мектеп салынады

Халық санының жыл сайынғы өсімін ескере отырып, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі білім ошақтарының құрылысын жүйелі түрде жүргізіп жатыр. Жыл сайын бірінші сыныпқа баратындар саны түлектердің санынан 3 еседен астамға артып келеді.

«Елорда халқының саны ішкі көші-қон есебінен де, бала туу көрсеткіші есебінен де жыл сайын артып келеді. Соңғы 10 жылда оқушылар саны 3 есе өсті. Жыл сайын бірінші сыныпқа баратындар саны артып келеді. 2030 жылға қарай Нұр-Сұлтан қаласында 400 мың оқушы болады деген болжам бар. Бұл көрсеткіш мектептердің белсенді құрылысын талап етеді.

Биыл біз 15 мектеп салдық, бұл 40 мың оқушының білім алуына мүмкіндік берді, бұл 2020 жылмен салыстырғанда екі есе, 2019 жылмен салыстырғанда төрт есе көп. Бұл үш ауысымда оқитын және оқу режимі шамадан тыс көп болатын мектептердің санын айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік берді», деді Алтай Көлгінов.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша білім ошақтарының құрылысына ерекше көңіл бөлініп жатыр. 2022 жылы елордада тағы 16 мектеп салынады. Кешенді жоспар аясында 5 жылдық мерзімге 70-ке жуық мектеп салу жоспары бар. Бұл процесс жеке инвестицияларды да тартады.

Қаланың барлық аудандарында, оның ішінде елді мекендерде білім ошақтары салынып жатыр. Білім беру мекемелерінің құрылысымен қатар қолданыстағы оқу орындарына да көңіл бөлініп, 26 білім беру нысаны, соның ішінде мектептер, балабақшалар, колледждер жөндеуден өтті.