Елорда • 03 Желтоқсан, 2021

Нұр-Сұлтанда жаңа жылдық шырша қашан жағылады

517 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда әкімі Алтай Көлгінов жаңа жылдық шыршаның жағылатын уақытын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұр-Сұлтанда жаңа жылдық шырша қашан жағылады

«Жаңа жылдық шыршаны Тәуелсіздік күнінен кейін жағатын боламыз», деді Көлгінов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Осы орайда қала басшысы жаңа жылдық шыршаға бюджеттен ақша жұмсалмайтынын айтты. Себебі жасанды шыршаны бұрын алып қойған. Оны жыл сайын құрып тұрады.

Ал Тәуелсіздік күніне орай бірнеше нысан ашылады. Соның ішінде 7 жаңа мектеп бар. Осылайша 20 мың астаналық оқушы жаңа ғимаратта білім алады.