Елордада «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша тұңғыш сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында бекітілген «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша 2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласына 487 квота бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7 есе көп. Осының арқасында ұзақ уақыт некеде тұрып, бала аңсап жүрген көптеген елордалық МӘМС аясында ЭКҰ бағдарламасынан өту мүмкіндігіне ие болды.
«Аңсаған сәби» бағдарламасы туралы естігенде күйеуім екеуміз бағымызды сынап, қатысу туралы шешім қабылдадық. Алдымен өз емханамызға барып, қажетті құжаттарды тапсырдық. Бала – өмірдің мәні. Өкінішке қарай, ұзақ уақыттан бері бала сүйе алмай жүрдік», дейді бақытты ана.
Пациент емханадан №2 көпбейінді қалалық аурухананың әйелдер денсаулығы бөлімшесіне жіберіледі. Тексеруден кейін, жүргізілген консервативтік терапияның әсерінің жоқтығын ескере отырып, ерлі-зайыптылар дәрігерлік консилиумның шешімі бойынша МӘМС аясында ЭКҰ рәсімін жүргізу үшін кезекке қосылды.
«Желтоқсан айында, Денсаулық сақтау басқармасы жұмыс комиссиясының мақұлдауын алып, №272 бұйрықтың критерийлеріне сәйкестігін ескеріп, МӘМС шеңберінде ЭКҰ өту үшін квота алды. Пациент ЭКҰ жасау үшін Алматы қаласындағы Репродуктивті медицина институтын таңдап, 12 аптаға дейін дер кезінде есепке тұрды, ары қарай ауруханамыздағы дәрігерлердің барлық ұсынымын дұрыс орындады, ұстанды», дейді акушер-гинеколог Алуа Мансұрова.
Барлық прегравидарлық кезең және ЭКҰ рәсімі алдындағы дайындық, жүктілікті бақылау және босану Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 көпбейінді ауруханада өтті.
Бүгінде Әмірхан атты сәбидің анасы «Аңсаған сәби» бағдарламасы ата-ана бақытын сыйлағанын айрықша атап өтті.
«Бұл бағдарлама біз секілді балалы болғысы келетін ерлі-зайыптылар үшін үлкен мүмкіндік. Бұрын біз ақылы негізде ЭКҰ жасадық, бірақ бәрі сәтсіз аяқталған. Бұл жолы да үмітіміз орындалмайды деп қатты алаңдап едік, бақытымызға қарай ата-ана атанып отырмыз. Жүктілікке дейін және жүктілік кезінде басы-қасымызда болған дәрігерлерге алғысым шексіз. Аурухананың барлық медицина қызметкерлеріне рақмет айтқым келеді. Біз бақыттымыз!» деп қуанышымен бөлісті жас ана.
Елена Рыбакина Торонтодағы турнирдің екінші айналымында сүрінді
Теннис • Бүгін, 11:17
Жамбыл облысының тұрғынынан ірі көлемде марихуана тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 11:09
Алматыда 280 орындық екі мемлекеттік балабақша салынады
Қоғам • Бүгін, 10:58
Тауар өндірушілерге тиесілі дизельді сатып жіберген оператор анықталды
Оқиға • Бүгін, 10:48
Грузияның экс-президенті ауыр халде жатыр
Әлем • Бүгін, 10:35
Алматыда көпқабатты автотұрақтар салынады
Аймақтар • Бүгін, 10:23
Михаил Литвин Түркияда алтын медаль еншіледі
Жеңіл атлетика • Бүгін, 10:18
Қостанайда қантты 100% үстеме бағамен сатқандар әшкереленді
ANTIKOR • Бүгін, 10:10
Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасымен кездеседі
Президент • Бүгін, 10:03
«Реал Мадрид» UEFA Суперкубогының иегері атанды
Футбол • Бүгін, 09:55
11 тамызға арналған валюта бағамы
Экономика • Бүгін, 09:40
Бес жасар Мәдинаның мәйіті табылған жерден видео жарияланды
Қоғам • Бүгін, 09:38
Джо Байден қысқамерзімді еңбек демалысына шықты
Әлем • Бүгін, 09:33
Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:24
Юлия Путинцева әлемнің үшінші ракеткасын жеңді
Теннис • Бүгін, 09:18
2458 қазақстандық коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:08
Бокс • Бүгін, 08:40
Теннис • Бүгін, 08:39
Спорт • Бүгін, 08:37
Қазақтың байлығы мыңғырған мал еді
Қоғам • Бүгін, 08:35
Меншік құқығын қорғау ойдағыдай емес
Қоғам • Бүгін, 08:32
Алуан ауруды анықтайтын аппарат
Медицина • Бүгін, 08:30
Корей медицинасымен байланыс кеңейді
Медицина • Бүгін, 08:27
Білім • Бүгін, 08:25
400 мыңнан аса бала мемлекеттен материалдық көмек алады
Білім • Бүгін, 08:23
Абай • Бүгін, 08:22
Абай • Бүгін, 08:20
Сенат депутаттары – халық ортасында
Саясат • Бүгін, 08:17
Оқиға • Бүгін, 08:15
Экспорттағы шикізат үлесін азайтудың жолы қандай?
Экономика • Бүгін, 00:08
Көмір бағасын ырықтандыру қолдан келмей тұр
Экономика • Бүгін, 00:07
Ана тілінде оқудан неге қашады?
Білім • Бүгін, 00:05
Абай • Бүгін, 00:04
Абай • Бүгін, 00:02
Экономика • Бүгін, 00:01
Зейнетақы қаржысын әлі пайдалануға болады
Қаржы • Кеше
Әскери институт батырдың мерейтойын атап өтті
Аймақтар • Кеше
Қоғам жұмыла кіріссе, қоқыстан тазарамыз
Қоғам • Кеше
Ауылдағы ағайынның әлеуетін тиімді қолданбай жүрміз
Қоғам • Кеше
Тозған жолда озған өмір қайдан болсын...
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар