Кәсіпқой бокс • 03 Желтоқсан, 2021

Василий Ломаченко: Қазір Коммиден басқада шаруам жоқ

289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жеңіл салмақ дәрежесіндегі әлемнің бұрынғы чемпионы Василий Ломаченко әлемнің абсолютті чемпионы атағына таласуға үмітті екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Василий Ломаченко: Қазір Коммиден басқада шаруам жоқ

«Әлбетте, мен әлем чемпионы атағына таласқым келеді. Бұл – менің басты мақсатым. Әлемнің абсолютті чемпионы атану – арман. Сондықтан да Джордж Камбососпен қолғап түйістіргім келеді. Оны уақытында көре жатармыз. Ал қазір менің бар ойым – 11 желтоқсан күні өтетін жекпе-жекпен байланысты. Шайқасқа тас түйін дайынмын. Осы кездесуден кейін басқа тақырып төңірегінде әңгіме айта аламыз.

Шынымды айтсам, Джордж Камбосос пен Теофимо Лопес арасындағы шайқас өткенге дейін Теоның жеңетініне сенімді болдым. Алайда австралиялық боксшы өзінің мықты екенін көрсетті. Бокс сонысымен де қызық. Әзірге өзімнің қай деңгейдегі боксшы екенімді айтқым келмейді. Ол туралы жанкүйерлер мен бокстан хабары бар адамдардың айтқаны дұрыс. Алайда мен әрбір жекпе-жекте өзімнің барлық шеберлігімді көрсетуге күш саламын», деді Василий Ломаченко.

Василий Ломаченко 11 желтоқсан күні Ричард Коммимен жұдырықтасады. Бұл шайқастан кейін ол бірнеше тұжырым бойынша Камбососқа міндетті қарсылас атанады деп күтілуде. Соған қарағанда австралиялық боксшы Василийден қашып құтыла алмайтын сияқты.