Экология • 04 Желтоқсан, 2021

Шавкат Мирзиеёв: Арал апатын назардан тыс қалдыруға болмайды

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеёв Egemen Qazaqstan газетінің 4 желтоқсандағы санына берген сұхбатында Орталық Азиядағы экологиялық күрделі мәселелердің бірі - Арал апатын назардан тыс қалдыруға болмайтынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шавкат Мирзиеёв: Арал апатын назардан тыс қалдыруға болмайды

Арал теңізі - Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан ірі көл. Алайда 1960 жылдан бастап теңіздің суы азайып келеді.

Шавкат Мирзиеёв Арал экологиялық дағ­дарысы Қазақстанға және Өзбек­станға тікелей әсер етіп отырғанын айтты.

«Орталық Азиядағы тұ­рақ­ты дамуды қамтамасыз ету мәсе­лелеріне келгенде, әрине, қазіргі заман­ның ең өткір экологиялық проб­лемаларының бірі – Арал апатын да назардан тыс қалдыруға болмайды.

Бір кездері әсем су қойма­сы­ның су ресурстарын ойланбай пайдалану оның жойылып кетуіне әкеліп соқты, мыңдаған адамға бақытсыздық пен қасірет әкелді.

Жағдайды бұрын-соңды бол­маған климаттық өзгерістер қиын­­­датуда. Жылдық орташа тем­­­пе­­­ратураның жо­ғарылауы бай­қа­­лады, құрғақшылық, шаңды дау­ыл­дар, су тасқындары мен сел жүруі жиіленді, мұздықтар еріп жатыр.

Біз Өзбекстанда экологиялық мә­селелерге барынша мән береміз. Соңғы төрт жылда климат өзге­руі­нің салдарын бейімдеу және жұм­сарту бойынша жүйелі шаралар қа­был­данды», деді Өзбекстан президенті.