Жекпе-жек • 04 Желтоқсан, 2021

Рахмет! Жалғас Жұмағұловтың қарсыласы қазақша сөйледі

390 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Белгілі спорт журналисі Игорь Лазорин инстаграмдағы парақшасында қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұловтың қарсыласы, анголалық Манель Капенің қазақша сөйлеген бейнежазбасын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Рахмет! Жалғас Жұмағұловтың қарсыласы қазақша сөйледі

Бейнежазбада анголалық спортшы «Рахмет!» деп қазақша үн қатты.

Бейнежазбаны өз парақшасына салған спорт журналисі: «Жалғастың қарсыласына қазақ тілін үйретіп жатырмын. Жекпе-жек аяқталғаннан кейін ол Жакоға рахмет айтады деп ойлайсыздар ма?» деп оқырмандарына сұрақпен қайырылды.

Естеріңізге сала кетейік, Жалғас Жұмағұлов пен Манель Капе арасындағы шайқас 5 желтоқсан күні таңғы сағат 08:00-де басталады.