Жекпе-жек • 05 Желтоқсан, 2021

Жұмағұловты жеңген спортшының мақтанудан аузы босамады

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Жалғас Жұмағұловты жеңген аралас жекпе-жек шебері, анголалық спортшы Манель Капе күтпеген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жұмағұловты жеңген спортшының мақтанудан аузы босамады

«Мен ел алдында уәде бердім бе, оны орындаймын. Мен UFC-ге әлем чемпионы атану үшін келдім. 2022 жылы сол мақсатыма қол жеткіземін. Өмірде чемпион сияқты жүремін, чемпион сияқты киінемін, чемпион секілді сымбаттымын, чемпиондарға ұқсап сөйлемін. Сондықтан да мен аса жеңіл салмақта әлем чемпионы атанамын! Бұл салмақта менен асқан мықты жоқ», деді анголалық спортшы.

Алайда UFC октагонында төрт жекпе-жек өткізіп, оның екеуінде жеңілістің кермек дәмін татқан Капенің бұл сөзі жанкүйерлердің еріксіз езу тартуына ғана себеп болды.