Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2021

Әкесінің көлігін ұрлап мініп, темір қоршауға соқты

313 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында кәмелет жасына толмаған жасөспірім әкесінің автокөлігін ұрлап, Қазығұрт ауданына аттанған. Нәтижесінде кәмелет жасына жетпеген бала жол-көлік оқиғасына ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкесінің көлігін ұрлап мініп, темір қоршауға соқты

«4 желтоқсан күні түс қайта жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында Қазығұрт АПБ патрульдік полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған бала жүргізіп бара жатқан «ВАЗ-21214» маркалы автокөлікті байқаған.

Полицейлердің тоқтау туралы пәрменіне бала бағыбаған. Ол бағдаршамның қызыл түсіне қарамай өтіп кетіп, қарсы бағытта келе жатқан көліктерді басып озып, оқиға орнынан бой тасалауға тырысқан. Полиция жол ережесін бұзушыға көлікті дереу тоқтатуды бұйырды. Алайда жүргізуші полиция қызметкерлерінен қашып кетіп, көлікті жоғары жылдамдықпен жүргізіп келе жатып, темір қоршауға соғысып, салдарынан жол-көлік оқиғасы орын алды», делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған жасөспірім Қазығұрт аудандық ауруханасына дене жарақатымен жеткізілді.

Тексеру барысында рулінде бала отырған «ВАЗ-21214» маркалы автокөлік Қазығұрт ауданындағы ЖШС-нің біріне тиесілі екені анықталды. Көлікті жасөспірімнің әкесі жұмысының маңындағы тұраққа қойған. Бірақ баласы көлікті рұқсатсыз ұрлап кеткен.

Бүгінгі таңда ҚР ҚК 200-бабының 1-бөлігі «Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Автокөлік айыппұл тұрағына жеткізілген.