Экономика • 05 Желтоқсан, 2021

Валютаға сұраныс артқанда, интервенция жүргізіледі

421 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қазақстанның валюта нарығы сыртқы нарықтардағы жағдайдың нашарлауы себепті шетел валютасына сұраныстың өсу кезеңін бастан өткеріп отыр. Биржалық валюталық сауда-саттықта жыл басынан бергі мәмілелердің ең жоғары көлемі тіркелді, теңге бағамы бір доллар үшін 436 теңге деңгейіне дейін әлсіреді. Бұған не себеп болды?

Валютаға сұраныс артқанда, интервенция жүргізіледі

Ұлттық банк төрағасының орын­басары Ә.Молдабекованың айтуынша, 2 желтоқсанда бир­жа­дағы теңге-доллар жұбымен сауда-саттық көлемінің 292 млн долларға жетуі 2020 жылғы сәуірден бас­тап рекордтық деңгейге жатады. Сауда-саттық көлемінің өсуі және бір доллар үшін 436 теңге белгісіне дейін бағамның әлсіреуі шетел валютасына сұра­ныстың артуы аясында орын алды. Бұл мынадай факторларға тікелей байланысты болды.

Біріншіден, «Омикрон» шта­мының тара­луына қатысты алаң­даушылықтың артуына бай­ла­нысты мұнай бағасының күрт құл­­дырауы себеп болды. Мәселен, 1 желтоқсанда Brent сұрыпты мұ­найдың белгіленген бағасы бір баррель үшін 70 доллардан төмен түсіп, биылғы тамыздан бастап ең төменгі деңгей – 68,14-ке жетті.

Екіншіден, мұнай бағасы­ның жергілікті ең төменгі деңгейге тө­мендеуі компаниялар мен же­ке тұлғалар тарапынан ше­тел ва­лютасына қосымша іш­кі сұра­нысты туындатты. 1 жел­тоқ­сан Қа­­зақстанда демалыс күні бол­ған­­дықтан, сұраныстың бір бө­лігі ЕДБ онлайн платформала­ры арқылы іске асырылды. Сондық­тан жүйелері валютаны онлайн айырбастауға мүмкіндік беретін барлық банк 2 желтоқсан кү­ні таңертең «қысқа» пози­цияда ­бол­ды, яғни олар жұмыс уақы­ты­нан тыс уақытта өз клиенттері­не са­тылған валютаны сатып алу­ға мәжбүр болды.

Ал сұраныстың бір бөлігі сауда-саттық ашылғаннан кейін бірден биржа нарығына түсті. Сондықтан банктер өз клиенттеріне «қысқа» позицияны жабу және жаңадан келіп түскен өтінімдерді орындау үшін валюта сатып алды.

Үшіншіден, шетел валютасына айтар­лықтай сұраныс бейрезидент инвесторлар тарапынан да туындады. Дамушы нарықтардан валютаның жаһандық әкетілуі аясында бейрезиденттер теңгеден шетел валютасына кері конверттеді. Сұраныстың артуы банкаралық нарықтағы баға белгілеуге әсер етті, мұнда сатып алу бағамы бір доллар үшін 441 теңгеге дейін жетті.

Шетел валютасына сұра­ныс­­тың оның ұсынысынан айтар­лық­тай асып түсуі аясында валю­та нарығындағы жағдайды тұрақ­тандыру мақсатында Ұлттық банк 2 желтоқсанда 64,6 млн дол­лар көлемінде интервенция жүр­гізді. Бұл алыпсатарлық ахуал­дың күшеюіне және айырбастау бағамының тұрақсыздандыра­тын ауытқуларына жол бермеу­ге мүмкіндік берді. Банктердің қыс­қа позицияларына және бейрези­денттердің шығуына байланыс­ты қосымша сұраныс толық көлемде қанағат­тандырылды. Нарықтардағы жағдай құбыл­малы болып қалуда. ФРЖ бас­шы­сы Дж. Пауэлдің сан­дық же­ңілдету бағдарламасын барын­ша қыс­қа мер­зімде тоқтату туралы соңғы мә­лім­­демесі аясында АҚШ дол­ла­ры­ның жаһандық нығаюы жалғасуда.

Ішкі нарықта валютаға сұраныс сақталуда. Жылдың соңына таман компаниялар бюджет­ті игерудің, төлемдерді жүзеге асырудың бел­сенді кезеңін іске асыруда, бұл шетел валю­тасына сұранысты қолдайды. Өндіріс көле­мін бір­тіндеп өсіру туралы алдыңғы уағда­­ластықты күшінде қалдыру жө­ніндегі ОПЕК+ шешіміне қара­мастан, мұнай бағасын белгілеу бастапқы overreaction (шамадан тыс ықпал ету – ред.) қалпына кел­тірді және бір баррель үшін 70 доллар шамасында жабылды.

– Жағдайдың одан әрі дамуы көбінесе коро­навирустың жаңа штамының таралу қар­қынына және оның вакциналарға төзімді­лігіне қарай анықталады. Ұлттық банк жағ­дай­ды мұқият қадағалап отырады және нарық­ты қолдау үшін қолдан келген шараларды қабыл­дауға дайын, – дейді Ұлттық банк төрағасының орынбасары.