А тобында «ВитЭн» (Беларусь), «Аньер-Вильнев» (Франция) және «Тюмень» (Ресей) командаларымен сынға түскен «Қайрат» бірінші турда «ВитЭн» ұжымынан 3:2 есебімен басым түсті. Бұл ойында алматылықтар сапынан Савио, Альберт Ақбалықов және Шыңғыс Есенаманов мергендік танытты. Кака шәкірттері кейінгі турда Францияның «Аньер-Вильнев» клубымен шеберлік байқасты. Тартысты өткен ойында командалардың күштері тең болды – 3:3. «Қайрат» сапынан Эдсон бір гол салса, Диего дубльдің авторы атанды.
Шешуші турда «Қайрат» Ресейдің «Тюмень» командасымен ойнады. Қазақстандық клубқа бұл ойында тек жеңіс қана керек еді. Себебі «Қайрат» жеңіске жеткен жағдайда ғана турнирдің бас жүлдесі үшін өтетін жарысқа жолдама ала алады. Алайда маңызды ойында Кака шәкірттері үш ұпай олжалай алмай, 3:2 есебімен жеңіліп қалды. Сөйтіп біздің топтан «Тюмень» келесі кезеңге шықты.