Қазақстан • 07 Желтоқсан, 2021

Қазақстанда «ақылды» фермалар салынуы мүмкін

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оңтүстік Корея Қазақстанмен «ақылды» фермалар салу тәжірибесімен бөлісуге ниетті. Бұл туралы «Корея - Орталық Азия» Достық қауымдастығының үшінші отырысында белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда «ақылды» фермалар салынуы мүмкін

«Хабар 24» арнасының мәліметінше, Онлайн-форум ауыл шаруашылығы саласын жан-жақты дамытуға арналған. Онда Қазақстан, Корея, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан өкілдері сөз сөйлеп, пікірлерін ортаға салды.

Профессор Ли Ен Бомның айтуынша, Корея провинцияларында жұмыс күші жетіспейді, ал біздің республикамызда адами ресурс пен кеңбайтақ аумақ жеткілікті.

«Кореяның ауыл шаруашылығында жұмыс жасайтындардың 45%-ы 60 жастан асқан адамдар. Еуропада да дәл сондай жағдай. Жастар ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істегісі келмейді. Орталық Азияда жастар көп. Оларды «ақылды» фермаларда жұмыс істеуге тартуға болады. Олар жаңа технологиялармен және үлкен деректермен танысады. Бұл Орталық Азиядағы «ақылды» фермаларды дамытуға көмектеседі», деді Сеул қалалық университетінің профессоры Ли Ен Бом.