Өнер • 07 Желтоқсан, 2021

Бүгін «Барыс GENERATION» жаңа сериалы эфирге шығады

394 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін «Хабар» телеарнасынан отандық хоккей спорты туралы алғашқы мотивациялық «Барыс GENERATION» жаңа сериалы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен көрерменге жол тартады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін «Барыс GENERATION» жаңа сериалы эфирге шығады

Телетуындының 15 бөлімі барысында көрермендер хоккей әлемімен танысып, командаға жанкүйер бола алады.

Қазақстандық хоккей командасы туралы жаңа тележоба 7 желтоқсан күні сағат 22:30-да «Хабар» телеарнасының эфирінде көрсетіледі.

«Хабар» Агенттігі спортты әрдайым қолдап келеді. «Хабар» телеарнасында спорт әлеміндегі ең маңызды оқиғалардың трансляциясын өткізу дәстүрге айналған. Біз қызметкерлеріміздің арасында спорттық мәдениетті тәрбиелеуге көңіл бөлеміз. Желтоқсан айында «Хабар» телеарнасының көрермендеріне қазақстандық хоккейдің жетістіктері мен бұқаралық спортты насихаттауға арналған жаңа телехикая жол тартады. Бұл жоба отандық спортқа деген қызығушылықты арттырып, біздің хоккей командамыздың имиджін нығайтатынына сенімдімін», деді «Хабар «Агенттігі» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Ерлан Бекхожин.

Сериалды түсірілімге дайындық аясында актерлік құрам үш ай бойы «Барыс» хоккей клубының жаттықтырушылары штабының бақылауында хоккей ойыны бойынша арнайы оқудан өтті.

Идея авторлары: Дәуіт Шайхисламов, Мәлік Хасенов, Санат Шапашов, Сәбит Рахымбаев және Бахтиер Ысқақов.

Жаңа сериалдың қоюшы режиссері: Ақан Мұсақұлов.

Ал актерлерлер құрамы Ғазрет Ержанов, Ғани Құлжанов, Дарина Менисова, Әлішер Исмаилов, Алдияр Қуанышев, Айдана Қасымхан, Ақжол Сәбиғат, Роман Леонтьев, Никита Гаршин, Бекзат Достанов, Арелана Амангелдиева, Шах-Мұрат Ордабаев, Асылбек Қапаев, Евгений Шворнев сынды актерлермен толыққан.