Өнер • 07 Желтоқсан, 2021

Тұлғаларды сөйлеткен туындылар

1304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстаның Тұңғыш Президенті − Елбасы кітапханасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Суретшілер одағының мүшесі Нұржан Қарымсақовтың «Ұлы дала перзенті» атты жеке көрмесі ашылды.

Тұлғаларды сөйлеткен туындылар

Көрмеге қылқалам шеберінің монументалды кескіндеме жанрындағы 20 үздік жұмысы қойылды.

Мәдени шараның ашылуын­да Елбасы кітап­ханасы Музей құнды­лықтарын есепке алу және сақтау қызметінің басшысы Күләйша Ақтаева «Тәуел­сіздіктің мәдени негізі» жо­басы аясында өткен көрменің Қазақ­станның Тұңғыш Прези­дент күні мен Азаттығымыздың 30 жылдығына орай ұйымдастырылғанын атап өтті.

− Нұржан Жасабекұлының туындылары арасын­дағы ең танымалы – «Ел тұтқа» картинасы, ондағы түрлі-түсті паннода еліміздің 117 көрнекті тұлғасын көркем бейнелеп, халқымыздың тарихи кезеңдерін айшықты көрсете білген,−деді ол.

Шынында да суретшінің шығарма­шылы­ғында ұлт тарихы ерекше орын алады, әсіресе ол ел аума­ғында болған тарихи кезеңдерді тұтас көрсе­туге ұмтылған. Оны автордың компози­ция­лық құрылымы мен біртұтас сюжеттік серияларды құру қабілетінен байқайсыз.

Көрме барысында Қазақ­станның Халық Қаһар­маны, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев суретші еңбектері туралы парасатты ой айта келіп: «Біз – тамыры терең ержүрек халықпыз. Сондықтан да көне шежіреміз бен тарихымызға есімі алтын әріппен жа­зылған батырларды бедерлеген қыл­қалам шеберінің жұмыстарына риза боламын. Оның туындыларында ұлтымыздың болмысы, мәдениеті мен философиясы тұнып тұр» деп жылы лебізін білдірді.

Іс-шара соңында көрме иесі өз шығарма­шылы­ғындағы жаңаша ізде­ністеріне тоқталып, жиналған қауымға ризашылығын жеткізді.