Спорт • 07 Желтоқсан, 2021

Арли Чонтей ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды

479 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстан астанасы Ташкентте ауыр атлетикадан әлем чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына алтын медаль түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Арли Чонтей ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды

Ерлер арасында 55 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Арли Чонтей ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды. Ол жұлқа және серпе көтеруден берілген алты мүмкіндікті де сәтті пайдаланды. 

Ол жұлқа көтеруде 118 келіні бағындырса, серпе көтеруде 142 келіні еңсеріп, барлық қарсыластарын басып озды. Қоссайыс қорытындысы бойынша Арли 260 келіні көтерді. 

Күміс медальді Таиланд, қоланы Болгария спортшысы еншіледі. 

Айта кетейік, әлем біріншілігі 17 желтоқсанға дейін жалғасады.