Елбасының «Тәуелсіздік тағылымы» мақаласын оқып отырып, толғаныстарына тебіреніп, бірге сұхбат құрғандай әсерде болдым. Бостандық пен азаттықты аңсаған қазақ мемлекетін құру жауапкершілігі тағдырына жазылған тұлғаның бұл жолы халқына сырын ақтарып, толғанған күйі ерекше тебіреніспен әсер етті. Саясаттағы байсалды ұстанымның арқасында Қазақ елі өз биігін бағындырғаны ақиқат.

Өткенге ой жүгірте отырып, қоғам санасындағы сілкіністің заңды екеніне де келісесің. Қоғамдық сана, ұлттық намыс, отаншылдық, ұлтжандылық қасиетке ұлттың оянып, жетілуіне жол ашылды. Өткір сын, әділдік, ақиқат бүгіннің олжасы ғана емес, сатылай жетілудің үлгісі болды.
Елбасы: «Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Алдын ала ойластырумен, зор ұйымдастырушылықпен, қапысыз дайындықпен келді», деді.
Ұшар шыңның басынан бетегедегіні көріп, белдеудегіні таныған, аңдысқанға айлалы, достасқанға адалдықты табандап, есесін жібермей, ел-жұртының тілегін ту еткен Елбасының жан сырын, арман-үмітіне ортақтастық. Кей сәтте еріксіз көңіл де толқыды, себебі Қазақстанның жүріп өткен жолы, шыққан биігі тарихқа айналды. Ел тәуелсіздігін алғандағы алғашқы атой салған сезімді бастан кешірген біздер ол кезде 27 жаста едік. Тәуелсіздік – әр қазақ баласының бойына жалындаған сенім, болашаққа үміт, арман әкелді. Сол үміт, арман алға жетелеп, жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізді. Ол кезді қазіргі күнмен салыстыру мүмкін де емес еді. Қарыштап дамып бара жатқан адамзат дәуірінің бұл күнде бір күнінен бір күні озып тұр. Осы кезеңде Қазақстан өз жолын таңдады, тарихи таңдауын жасады.
Елінің басынан өткен тарихи тағдырлы кезеңін сабақтай отырып, Елбасы тәуелсіз елдің болашағына сенім артыпты. Елбасы әділдік үшін ақиқат жолында өткір сынды да айтты, басын бәйгеге де тікті. Қандай саяси драмалар болсын, жерінің бүтіндігі, халқының бейбітшілігін жанына жалау етті. Халық бейбіт жолмен дамыды, көшбасшысына сенді. Қауіпті шатқалдардан ыңғайлы жол тапты, асулардан аман өтті. Шекарасы шегенделген қазақтың Еуропа елдеріне, Парсы шығанағына, Үнді, Атлант және Тынық мұхитқа тікелей шығу мүмкіндігіне қол жеткізді. Қазақстан еуроазиялық трансконтинентальді көлік көпіріне айналды. Адам айтса сенгісіз мұндай арманға қол жеткізу мүмкін болмастай көрінетін.
Ұлттық қор мен алтын-валюта қоры жасақталмағанда кешегі ел басына төнген қатерлі, қауіпті пандемиядан аман шыға алар ма едік. Мақалада осының барлығы тарқатылады.
Бір қарағанда қазақтың алаңдауына себеп жоқ сияқты көрінгенімен, киелі тәуелсіздікті мәңгілік сақтау күрескерлік пен жетілуді талап ете береді. Болашақтың үлесі де, шешімі де әлдеқайда салмақты болмақ. Тұтқиылдан соғып, төтеден қабылданған тосын шешімдей көрінгенімен, жүз өлшеп, бір кескен, мың түйіп, бір тарқатқан шешімі де тарихқа айналды. Елбасы «Тәуелсіздік тағылымы» мақаласында: «Отыз жылға жуық ел басқарған кезімде мен қаншама азаматты серік етіп, көптеген шәкірт тәрбиеледім. Солардың ішінде Үкімет басқарған, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары ретінде жаһандық саясатқа жетіктігін танытқан, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап қасымнан табылған нағыз патриот, жоғары білікті кәсіпқой тұлға Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты Президенттік қызметке ұсындым. Сайлауда басым көпшілігі оны қолдады. Осылайша біз халқымыздың ауызбірлігін, саясаттағы сабақтастығымызды күллі әлем қауымдастығына тағы бір қырынан таныта білдік», дейді.
Елбасы Горбачев пен Ельцин арасындағы саяси текетірес шегіне жеткен сол кезде Қазақстан тарапынан жіберілген жалғыз қателіктің өзі орны толмас трагедияға әкеліп соқтыруы әбден мүмкін екендігін көрегендікпен айтады. Саясаттың қыл көпірінен сүрінбей өткен әккі саясаткер, көшбасшы Қазақстанның тағдырын да, халқының тағдырын да: «Мен оған сенемін! Ол адал!» деп екі ауыз сөзбен түйіп айтты.
Елбасы «Алда алар асуларымыз бен бағындырар биіктеріміз де, ықтимал сын-қатерлер де аз емес» екенін де ескертеді. Иықты кеңге салар заман қай кезеңде де болған емес. Үш он жылдықты еңсерген елдің алдында аялдауды күттірмейтін, жанкешті жетілудің, өрлеу мен дамудың жаңа аңғары жол салды. Индустриялық-инновациялық дамудың жаңа кезеңі басталғанын және ол бүгінгі жаңа буынның үлесіне тиген ұлы бетбұрыстар болатынына тоқталған. «Тәуелсіздік те бақыт сияқты, бағалаған адамның, аялаған қоғамның қолында тұрақтайды». Бұл – Елбасының болашаққа айтқан аманаты.
Роза МҰҚАНОВА,
жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
«AMANAT» партиясы 60 гектар жайылым жерді мемлекет меншігіне қайтарды
Қоғам • Бүгін, 19:25
Жеті өңірде 2 градус үсік жүреді
Ауа райы • Бүгін, 18:48
Елімізде «Алтын сақа» балалар әдебиеті шығармаларының байқауы өтеді
Қоғам • Бүгін, 18:27
Қазақстан елшісіне Жапония Императорының «Күншығыс» ордені табысталды
Қазақстан • Бүгін, 18:02
Қарағандыда 3 жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 17:47
Елордада шекарашылардың құрметіне ескерткіш орнатылды
Елорда • Бүгін, 17:37
Бестөбедегі шахтада тағы бір адам көз жұмды
Аймақтар • Бүгін, 17:20
Дархан Қыдырәлі Қазақстанның Мароккодағы елшісімен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 17:04
Алтын құймалар көп сатылатын қалалар аталды
Қоғам • Бүгін, 16:58
Қостанай облысында судья пара алу кезінде ұсталды
Оқиға • Бүгін, 16:47
Магистратураға түскендер тізімі қашан жарияланады
Білім • Бүгін, 16:35
Президент «Шевронның» бас атқарушы директорын қабылдады
Президент • Бүгін, 16:27
Қостанайда бюджеттен ақша жымқырғандар сотталды
Қоғам • Бүгін, 16:17
Кабулдағы теракт кезінде 21 адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 16:01
Экономика • Бүгін, 15:50
Жойылып кеткен тасманиялық жолбарыс қайта тірілуі мүмкін
Ғылым • Бүгін, 15:16
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанға ресми сапармен барады
Президент • Бүгін, 15:05
Президент Сочи қаласына жұмыс сапарымен барады
Президент • Бүгін, 14:59
Қазақстандықтардың цифрлық сауаттылық деңгейі артты
Қазақстан • Бүгін, 14:47
Атырауда екі жасөспірімді көлік қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 14:30
Шығыс Қазақстан облысында қар жауды
Аймақтар • Бүгін, 14:17
Қызын грантқа түсірмек болған әйел 1 млн теңгесінен айырылды
Оқиға • Бүгін, 14:00
Қайсар Алпысбай Ислам ойындарында алтын медаль иеленді
Спорт • Бүгін, 13:21
Кіші Талдыкөлге ағаш отырғызылады
Елорда • Бүгін, 13:01
Балалар жәрмеңкесіне 10 мыңнан астам елордалық барды
Елорда • Бүгін, 12:50
Атырау мұнай өңдеу зауытында жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Қос азаматтығы бар әйел елден шығарылды
Қоғам • Бүгін, 12:20
Алжирдегі орман өрті 26 адамның өмірін қиды
Әлем • Бүгін, 12:08
Камералар анықтайды: Елордада жерге түкіргендер жазаланады
Елорда • Бүгін, 11:53
Бүгінгі доллар бағамы белгіленді
Қаржы • Бүгін, 11:39
Мемлекеттік басқару академиясы оқу гранттары иегерлерінің тізімін жариялады
Білім • Бүгін, 11:22
Кеңсе тауарларының бағасы шарықтап барады
Қоғам • Бүгін, 11:08
Жетісу облысындағы Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы тағайындалды
Аймақтар • Бүгін, 11:02
Елордадағы жаңа көпірде автобус бағыты іске қосылды
Елорда • Бүгін, 10:53
Рыбакина Цинциннати турнирінің үшінші айналымына шықты
Теннис • Бүгін, 10:30
Елімізде 622 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алды
Қоғам • Бүгін, 10:17
БҚО-да жол апатынан 2 адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 10:03
Еліміздің бірнеше өңірінде үсік жүреді
Ауа райы • Бүгін, 09:43
Данилина Цинциннати турнирінің екінші айналымына шықты
Теннис • Бүгін, 09:28
Вакцина салдырғандар саны артты
Коронавирус • Бүгін, 09:17
Ұқсас жаңалықтар