Хоккей • 08 Желтоқсан, 2021

Татарстаннан олжалы оралды

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынап жүрген Нұр-Сұл­танның «Барысы» кезекті тур ойынын сырт ай­дында Қазанның азулы «Ак Бар­сы­­мен» өткізіп, маңызды екі ұпайы­на қол жеткізді.

Татарстаннан олжалы оралды

Елордалық хоккейшілер бірер күн бұрын Нижнекамскіде «Нефтехимикті» 4:2 есебімен жеңіп, екі матчқа созылған жеңілісіне нүкте қойған еді. Бұл ойында да жерлестеріміздің мерейі үстем болды.

«Татнефть Арена» спорт кешеніне жиналған жанкүйерлер бәсекенің бірінші кезеңінде гол көре алмады. Алғашқы 20-минутта айдын иелері басымдық таныт­қанымен, Ортио қорғаған қақпадан саңылау таба алмады. Үзілістен кейін матч тізгінін «Барыс» ойыншылары өз қолдарына алды. Ойынның 21-минутында Якоб Лилья Егор Шалаповтың нәтижелі пасынан кейін қақпашы Тимур Биляловтан айласын асырып, кездесудің есебін ашса, үшінші кезеңнің орта тұсында Аркадий Шестаков елордалық команданың басымдығын ны­ғайта түсті – 2:0. Кездесудің 58-минутында «Ак Барс» сапынан Дмитрий Воронков есеп айырмасын қысқартқанымен, командасын жеңіске жетелей алмады. Осылайша, Юрий Михайлис шәкірттері Татарстандағы екі ойын­ды да жеңіспен түйіндеді.