Бокс • 08 Желтоқсан, 2021

Жүкембаевтың қарсыласы анықталды

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бірінші орта салмақта жұдырық­тасатын қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаевтың (18-1, 14 KO) келесі жекпе-жегінің уақыты мен қарсыласының есімі белгілі болды.

Жүкембаевтың қарсыласы анықталды

Боксшылардың статистикалық мәлі­меттерін жүргізетін BoxRec басылы­мының ақпаратына сүйенсек, отандасымыз өзінің келесі жекпе-жегін 12 желтоқсан күні АҚШ-тың Спрингфилд қаласында өткізеді. Оның бұл жолғы қарсыласы 35 жастағы мексикалық Хуан Хосе Мартинес Альварес (28-10, 20 КО) болмақ. Айқас алты раундқа жоспарланған.

30 жастағы Жамбыл облысының тумасы өзінің соңғы жекпе-жегін осы жылдың мамыр айында АҚШ-та пуэрториколық Сабриэль Матиасқа (17-1, 17 KO) қарсы өткізіп, карьерасында алғаш рет жеңілді. Бұл оның кәсіпқой бокстың отаны саналатын АҚШ-тағы алғашқы айқасы еді. Ол бұған дейінгі кездесулерінің бәрін Канадада өткізіп келген болатын. Осы жеңілісінен кейін Батыр Жүкембаев канадалық Eye of The Tiger Management компаниясымен келісімшартын үзді.