Бокс • 08 Желтоқсан, 2021

Эберт Соуза нокаутқа түсірген боксшы таңдау жасады

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

75 кило салмақта Токио Олимпиадасының финалында нокаутпен жеңілген украиналық Александр Хижняк кәсіби мансабын әуесқой бокста жалғастыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Эберт Соуза нокаутқа түсірген боксшы таңдау жасады

Бұл туралы промоутер Александр Красюк мәлімдеді. Ол Александр Хижняктың бұл таңдауы дұрыс екендігіне күмәнданатынын жеткізді.

«Мен Александрмен көптен бері сөйлесіп жүрмін. Ол келесі Олимпиада ойындарына қатысу туралы шешім қабылдады. Егер ол Токио Олимпиадасында алтын медаль алғанда кәсіпқой боксқа ауысар еді. Қысқасы, Хижняк Олимпиада чемпионы атануды басты мақсаты санап отыр. Бәлкім арманына қол жеткізетін де шығар», дейді промоутер.

Естеріңізге сала кетейік Александр Хижняк Токио Олимпиадасының финалында орны толмас қателік жасап, бразилиялық Эберт Соузадан нокаутпен ұтылған болатын. Алғашқы екі раундта айқын басымдықпен жеңіп жатқанына қарамастан, украиналық боксшы ентелеп алға жүгіріп, Соузаның сойқан соққысын өткізіп алғанын бокс десе ішкен асын жерге қоятын жанкүйерлер ұмытқан жоқ. Ол енді сол қателігінен сабақ шығарғысы келеді.