Елорда • 08 Желтоқсан, 2021

«Астана Балет» театры «Арнау» симфониялық музыка кешін ұсынады

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен және «Астана Балет» театрымен бірлесіп, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының жобасы - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына «Арнау» атты симфониялық музыка кешін ұсынады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Астана Балет» театры «Арнау» симфониялық музыка кешін ұсынады

11 желтоқсан күні Елордадағы «Астана Балет» театрының сахнасында Лидс қаласындағы (Ұлыбритания) беделді ХХ халықаралық пианистер байқауының лауреаты, феноменальды қазақстандық пианист Әлім Бейсембаевтың қатысуымен ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің концерті өтеді.

Әлім Бейсембаевтың жеңісі бүкіл әлемдік классикалық музыка қауымы үшін тың серпін болғаны сөзсіз.

Соңғы жылдары қазақстандықтардың өнер саласындағы жетістіктері күллі ғаламды таң қалдыруда.

Жас пианист Әлім Бейсембаевтың да классикалық музыкада орындаушылық биігіне жетіп, ең беделді халықаралық байқаудың жеңімпазы атанғаны еліміз үшін үлкен жетістік.

Әлім қазіргі уақытта профессорлар Ванесса Латарш пен Дмитрий Алексеевтің жетекшілігімен Корольдік музыкалық колледжде магистратурада оқиды.

Елорда төрінде өтетін концерт көрермендерге жақсы көңіл-күй сыйлап, ерекше әсерге бөлейтіні сөзсіз.

Соңғы жаңалықтар