Оқиға • 08 Желтоқсан, 2021

Ресейлік азамат Қазақстаннан 9 жыл зейнетақы алып келген

399 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында 2006 жылы Алтай өлкесінде азаматтық алып, Ресей Федерациясы азаматының паспортын ресімдеген ер адам анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ресейлік азамат Қазақстаннан 9 жыл зейнетақы алып келген

«Ресей азаматы бола тұра, ол тоғыз жыл Қазақстан Республикасының аумағында зейнетақы алып келген. Ол үшін ер адам ҚР ӘҚБК-нің 496-бабы бойынша 100 АЕК сомасында айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды», деді ШҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев.

Сонымен қатар, Ұлан ауданында ер адам 2020 жылы Ресей Федерациясының азаматтығын алып, алайда полиция органдарына хабарламаған. Аталған факті бойынша ол сот шешімімен елден қуылды. ПД көші-қон қызметі басқа елдің азаматтығын алған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды уақтылы тіркеу қажет екенін ескертеді.