«Мәңгілік Ел» патриоттық акциясы Мемлекеттік ту мен «Мәңгілік Ел» жалауын желбірете қала көшелерін аралаған көліктер шеруімен басталып, «Ақтау» сауда үйіне атбасын тіреді.
– Әлемнің дамыған 30 елінің қатарынан өз орнымызды алған, дамыған, өсіп, өркендеген Қазақстанда өмір сүру әрбір қазақстандықтың арманы. Кешегі бабалардың аңсары, ертеңгі ұрпақтың тағдыры. Біздің бірлігіміз бекем, тату, берекелі болсақ, Мәңгілік Ел болу мүмкіндігіміз зор. Бұл үшін осы биік мақсатқа жетуге ұмтылуымыз керек. «Мәңгілік Ел» идеясы бізді қайсарлыққа, табандылыққа, ел намысын қорғауға жетелейді. Егер біздің әрқайсымыз бұл идеяны жете сезіне білсек, оны өмірлік сабақ етіп түйсек, онда нағыз «Мәңгілік Ел» болғанымыз, – деді шараны салтанатты жағдайда ашқан Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары С.Алдашев.
Акция мақсатына мәнерлеп сырғанаушылар мұз айдынында өнер көрсетумен қолдау білдірсе, жуырда Алматыдағы республикалық байқаудан жүлдемен оралған жас хоккейшілерге медальдар табысталды. Ал өнерлі жастар туған жер тақырыбындағы әндерді шырқады. Этномәдени бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, мемлекеттік органдар басшылары, жоғары және кәсіптік-техникалық оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, өкілдері, ардагерлер мен жастар қатысып, төрт қабатты сауда үйінің әрбір қабатынан жүздеген көрермен тамашалаған акцияда «Вайнах» чешен-ингуш этномәдени бірлестігінің өкілі М.Лорсанов, әнші Т. Асар сөз алып, тәуелсіз Қазақстан, «мың өліп, мың тірілген» Қазақ елі үшін «Мәңгілік Ел» идеясының мән-маңызы қаншалықты екендігін салмақты да ойлы сөздерімен жастар құлағына құйып, жүректеріне жеткізе түсті. Ал жастар болса, оларға жауап ретінде Елбасы идеясын қолдайтындықтарын білдірді. Өзге ұлт өкілдері мен «Нұр Отан» партиясының өкілдері, мұнайшылар мен жастар өкілдері «Тілек кітабына» ақ тілегі өрілген өз қолтаңбаларын қалдырды. Акция Маңғыстаудан соң Орал өңіріне салтанатты шеру тартты.
Бірлік пен тірлік тек дыбыстық құрылымы жағынан ұйқас, таңбалануы жағынан ұқсас сөздер ғана емес, олар бірін-бірі іс-әрекет үдесінде толықтырып, берекенің, беріктіктің, баяндылықтың ұйытқысы болар атаулар. Алып арманы бар елдің басынан бағы, төрінен берекесі, жерінен базары тарқамай, тірлігіне бірлігі жараса берсе дедік.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Маңғыстау облысы.
Суретті түсірген
Серік МАЙЕМЕРОВ.

Алматыда ғалымдар марапатталды
Ғылым • Бүгін, 11:02
Қалдықты кәсіп көзіне айналдырды: Ауыл тұрғыны ерекше экологиялық жобаны іске асырды
Қоғам • Бүгін, 10:10
«Травиата» тағы да таңғалдырды
Театр • Бүгін, 09:55
Жәдігер • Бүгін, 09:45
Бокс • Бүгін, 09:40
Мирас • Бүгін, 09:35
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:30
Солтүстік спортындағы соны серпін
Спорт • Бүгін, 09:25
Балалар құқын қорғайтын басқарма
Шымкент • Бүгін, 09:20
Миранда қағидасы «Үндемеуге құқыңыз бар»
Құқық • Бүгін, 09:15
Классикалық үлгіге қосылған еңбек
Әдебиет • Бүгін, 09:10
Руханият • Бүгін, 09:05
Қазақша сөйлейтін ЖИ: ISSAI зертханасындағы бір күн
Ғылым • Бүгін, 09:00
Жасанды интеллект • Бүгін, 08:55
«Отандық ғарыш саласының жоспары ауқымды»
Сұхбат • Бүгін, 08:50