Ал ол елімізде өз деңгейінде ме?
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қазақстан Коммунистік халықтық партиясы Ұлттық баспасөз клубында «Әйелге қамқорлық – болашаққа қамқорлық» деген тақырыпта талқылау өткізіп, әйелдердің басындағы проблемаларды шешудің жолдарын ортаға салды. Шараға Парламент Мәжілісіндегі Халықтық коммунистер фракциясының депутаттары Жамбыл Ахметбеков пен Айқын Қоңыров және арнайы шақырылған екі жас ана қатысты. Алдымен сөз алған Ж.Ахметбеков өткен аптада партияның ұйытқы болуымен өңірлерде әйелдер қауымының әлеуметтік жағдайына қатысты дөңгелек үстелдер өткенін тілге тиек етті. Бұл баспасөз мәслихаты соның қорытындысына арналғандығын алға тартқан депутат әйелдерге қамқорлық мемлекеттің үлкен саясатының бірі болуға тиіс екенін атап көрсетті. Қазіргі таңда елімізде тұңғыш балаға төленетін ай сайынғы жәрдемақының көлемі 10186 теңгені құрайтындығын алға тартқан халықтық коммунистер еліміздегі ең төменгі өмір сүру көрсеткіші 19966 теңге екендігін қаперге салды. Бұл арада бір баланы мектепке дайындау республика бойынша 30 мың теңгені құрайтыны көлденең тартылды. Ал 2014 жылы елімізде бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы 1, 2 және 3 балаға 55 000 теңгені құраған. Депутаттар жәрдемақыны өзге елдермен салыстыра отырып, оның мардымсыз екеніне назар аударды. Мысалы, 2013 жылғы көрсеткіш бойынша Сингапурда бір жолғы жәрдемақы – 4900, Беларусьте – 1000-1500, Ресейде 3000 доллар шамасында екен. Францияда бала туып, үш жылға декреттік демалысқа кеткен ана ай сайын 400 еуроға дейін жәрдемақы алатын көрінеді. Осылардың барлығын ортаға салған ҚКХП депутаттары әйелдерге қосымша жеңілдіктер ұсынуды және бала күтімінде отырған аналар мен болашақ аналарға қаржылық көмектің көлемін ұлғайтуды қолдайтындықтарын дәйектеуге тырысты. Олардың пікірінше, бірінші балаға берілетін біржолғы жәрдемақыны екі есеге көбейткен дұрыс. Сондай-ақ, Әкімшілік кодекске енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың жаңа баптары бойынша аяғы ауыр әйелдерді жұмыстан шығуға мәжбүрлегендерді айыппұлмен және қызметінен төмендету жазасымен жазалау орынды болмақ. Бұдан басқа, халықтық коммунистер бала күтіміне байланысты берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы мерзімін 3 жасқа дейін ұзартуды да ұсынды. Ж.Ахметбеков көп балалы отбасыларға да ерекше қамқорлықтың қажеттігін алға тартты. Оның айтуынша, егер отбасында үш бала болса, онда коммуналдық қызметтің 30 пайызын өтеп берген орынды болмақ. Ал 4-5 балалы отбасыларға 50 пайыз жеңілдік беріп, 7 және одан көп балалы отбасыларды коммуналдық қызметке ақы төлеуден мүлдем босату керек. Баспасөз мәслихатына арнайы келген жалғызбасты ана Шарихат Иманбаеваның мәліметіне қарағанда, Қазақстанда 100 мың бала әкелерінен алимент ала алмай жүр екен. Сондықтан да ол әкелерге қатысты жауапкершілікті қатаңдатуды ұсынды. Жалпы, баспасөз мәслихатын өткізудегі басты мақсат әйелдердің проблемасына назар аударту болды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».Төрт бірдей теннисшіміз әлемдік рейтингтің ТОП-10 тізіміне енді
Теннис • Бүгін, 10:50
Көктемгі егін егу және жинау жұмыстарына қанша қаржы бөлінеді?
Шаруашылық • Бүгін, 10:49
АҚШ-тың келесі президенті кім болуы мүмкін?
Әлем • Бүгін, 10:33
152 млн теңге залал: Көкшетауда қазынаға қол салған кәсіпкерлердің мүлкі мемлекетке қайтарылды
Жемқорлық • Бүгін, 10:28
Жоғарғы сот шешімі: Трамп енгізген импорттық тарифтер заңсыз деп танылды
Әлем • Бүгін, 10:10
Теміржол өткелінде электровоз бен жеңіл автокөлік соқтығыса жаздады
Оқиға • Бүгін, 10:03
Газ саласын цифрландыру: QazaqGaz Aimaq қосымшасы қалай жұмыс істейді?
Жасанды интеллект • Бүгін, 09:54
Жанар-жағармай импорты салықтан босатыла ма?
Қоғам • Бүгін, 09:48
Бүгін елімізде қай жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 09:40
Рамазан айында пойыздарда алкоголь өнімдері сатылмайды
Қоғам • Бүгін, 09:34
Үкімет Каспийді зерттеуге 1,1 млрд теңге бөлді
Экология • Бүгін, 09:20
Валюта бағамы: Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:10
Құрылыс саласын цифрландыру: Өзекті істің аяқ алысы қалай?
Құрылыс • Бүгін, 09:00
«Біз үшін су дипломатиясы маңызды»
Сұхбат • Бүгін, 08:55
Аймақтар • Бүгін, 08:50