Әлем • 09 Желтоқсан, 2021

Билл Гейтс пандемияның қашан аяқталатынын айтты

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Америкалық танымал кәсіпкер Билл Гейтс коронавирустық пандемияның негізгі кезеңі қашан аяқталуы ықтимал екенін болжады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Билл Гейтс пандемияның қашан аяқталатынын айтты

Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтстің айтуынша, коронавирустық пандемияның өткір кезеңі келесі жылы аяқталуы мүмкін.

Бизнесмен әлемдегі вакцинация қарқынына таң қалды. Ол адамдарды коронавирустық вакцинаның қажеттілігіне сендіру үшін ұзақ уақыт қажет болады деп ойламаған. Сонымен қатар жаңа штамдарды да бұлай жиі пайда болады деп күтпеген.

«Қалай болған күнде де мен мұның соңы алыс емес деп үміттенемін. Тағы бір болжам жасау ақымақтық болар еді. Бірақ менің ойымша, пандемияның өткір кезеңі 2022 жылы аяқталады», деді кәсіпкер.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша COVID-19 пандемиясы басталғалы әлемде 265 миллионнан астам адам дертке шалдыққан. Инфекциядан бес миллионнан астам адам қайтыс болған.