Қазақстан • 09 Желтоқсан, 2021

Қоғамдық кеңестердің тақырыптық апталығын өткізу ұсынылды

396 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңестің кезекті отырысына ҮЕҰ өкілдері, ведомстволық бағынысты ұйым басшылары мен қоғамның барлық белсенді мүшелері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғамдық кеңестердің тақырыптық апталығын өткізу ұсынылды

Отырыс «ZOOM» арқылы онлайн-форматта өтті.

Дархан Мыңбайдың төрағалығымен және Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның қатысуымен өткен отырыстың күн тәртібі «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасының, сондай-ақ Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясындағы іс-шаралар жоспарының сұрақтарына арналды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын үйлестіру департаментінің директоры У. Тналиев 21 көрсеткіш пен 66 ірі іс-шараны қамтитын «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасының негізгі үш бағытын іске асыру барысы туралы баяндады.

Өз кезегінде, Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы М. Қожахмет Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге жоспарланған 101 іс-шараның 75-ін іске асыралғаны туралы хабардар етті.

«Қалған іс-шаралар республикалық жоспарға сәйкес белгіленген мерзімде желтоқсан айының соңына дейін жүзеге асырылатын болады», деді М. Қожахмет.

Қоғамдық кеңес мүшелері Министр А.Балаеваның 2022 жылы азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен қоғамдық кеңестердің тақырыптық апталығын өткізу жөніндегі идеясын қолдады.

Дархан Мыңбай бұл идеяның өзектілігін ерекше атап өтті. Ол Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық кеңестердің қызметі жөніндегі уәкілетті орталық мемлекеттік орган екендігін айтты.

А.Балаеваның айтуынша, бұл шара азаматтық қоғамның маңызды институтының алдын-ала қорытындыларын шығару үшін де, сондай-ақ олардың Қазақстандағы қызметін одан әрі жетілдіру бойынша тәсілдерді әзірлеу үшін де өзекті.

Отырыс қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері ведомствоның жүргізіп отырған жұмысында ескерілетін ұсынымдар әзірледі.

Қоғамдық кеңестің кезекті отырысын 2022 жылдың I тоқсанында өткізу жоспарланып отыр.