Бокс • 10 Желтоқсан, 2021

Жекпе-жек кейінге шегерілді

514 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алдағы жексенбіде АҚШ-та өтуі тиіс болған Батыр Жүкембаевтың (18-1, 14 КО) жекпе-жегі 17 желтоқсанға ауыстырылды.

Жекпе-жек кейінге шегерілді

Отандасымыз АҚШ-тың Спрингфилд қаласындағы кеште мексикалық Хуан Хосе Мартинес Альвареспен (28-10, 20 КО) кездесуі керек еді. Бірақ кездесу бір ап­тадан кейін Монреальда (Канада) ұйымдас­тыры­латын болды. Канададағы бокс кешінің бас­ты айқасында жартылай ауыр салмақтағы IBF және WBC белбеулерінің иегері ресейлік Артур Бетербиев (16-0, 16 КО) пен америкалық Маркус Браун (24-1, 16 КО) жұдырықтасады.