Бұған дейін ХОК президенті 2028 жылғы жазғы Олимпиадаға енетін 28 спорт түрін жариялаған болатын. Аталған тізімге үш спорт түрі енбей қалды.
– ХОК атқарушы комитеті бокс, ауыр атлетика және қазіргі бессайыстың өтінішін қабылдау немесе кері қайтару туралы ойланатын болады. АІВА қаржылық ашықтық бойынша жұмыстың жақсарғанын көрсетуі тиіс. Сондай-ақ төрешілерді тағайындауды дұрыс жолға қоюы керек.
IWF допингпен күрес жөніндегі ұсыныстарды толық орындап, допингке қарсы бағдарламаның толық тәуелсіздігін дәлелдеуі тиіс. Ал UIPM атпен жарысуды алмастыратын жаңа бағдарламаны дайындап шығуы қажет, - деді Бах.
Бокс, ауыр атлетика мен қазіргі бессайысты Олимпиада бағдарламасында сақтау мәселесі ХОК-тің 2023 жылғы сессиясында қаралады.